1 Аса қамқор Алла.
2 Құранды үйретті.
3 Адамзатты жаратты.
4 Оған сөйлеуді үйретті.
5 Күн мен ай есеппен жүреді.
6 Өсімдік, (жүлдыз), ағаш Оган бас иеді.
7 Ол, аспанды биіктетіп, оган тең бір өлшеу қойды.
8 Өлшеуде шектен шықпаңдар.
9 Сондай-ақ тартуды әділетпен орындаңдар, таразыда кемітпеңдер.
10 Алла, жерді жәндіктер үшін жасады.
11 Жерде жемістер және шоқты қүрмалар бар.
12 Онда қабықты үрық және аңқыған өсімдіктер өседі.
13 Ендеше, (әй адамзат пен жын!) Раббыларыңның қай ныгметтерін өтірік дейсіңдер?
14 Ол, адаизатты қүмырадай сыңырлаған қүргақ топырақтан жаратты.
15 ЖындардьІ оттың жалынынан жаратты.
16 Ендеше, (әй адамзат пен жын!) Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер.
17 Ол, (жазғы-қысқы) екі шығыстың Раббы әрі екі күн батыстың Раббы.
18 Ендеше, Раббыларыңяың қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
19 Ағызган екі теңіз қосылады.
20 Екі арасында бөгет бар. Бір-біріне араласпайды.
21 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін жасынға айналдырасыңдар?
22 Екі теңізден де інжу-маржан шығады.
23 Ендеше, Раббыларыңның қай ныгметтерін өтірік дейсіңдер?
24 Теңізде таулар қтсап жүрген кемелер Оған тән.
25 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
26 БҮКІЛ жер жүзіндегілер түгейді.
27 Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт Раббың өзі ғана қалады.
28 Ендеше, Раббыларыңның қай ныгметтерін өтірік дейсіңдер?
29 Көктердегі әрі жердегі әркім Одан сүрайды, Ол, әр күні штғылдануда.
30 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
31 Әй екі топ! (Адамзат пен жын.) Есептеріңді көреміз.
32 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
33 Әй жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектерінен өтуге шаиаларың келсе, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласындар.
34 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
35 Сендерге түтінсіз жалын, отсыз түтін жіберіледі. Өздеріңді қүтқара алмайсыңдар.
36 Ендеше, Раббыларыңның қай ныгметтерін өтірік дейсіңдер?
37 Көк жарылып, майдай еріп, пглдей қызарған кезде.
38 Ендеше Раббыларыңның қай ныгметтерін өтірік дейсіңдер?
39 Сонда ол күні, адамзат пен жындар күнәсынан сүралмайды. (Өйткені, Аллаға мәлік.)
40 Ендеше, Раббыларыңның қай ныгметтерін өтірік дейсіңдер?
41 Күнәкарлар кескіндерінен танылады да кекілдері мен аяқтарынан үсталады.
42 Ендеше, Раббыларықның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
43 Міне осы күнәкарлардың жасынға шығарған тозағы.
44 Олар тозақ пен қайнар судың арасында айналып жүреді.
45 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
46 Раббының хүзырына шығудан қорыққан кісіге екі бейіш бар.
47 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
48 Екеуі де түрлі жемісті.
49 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
50 Ол екеуінде ағатын екі бүлақ бар.
51 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
52 Ол екеуінде жемістер пар-парымен.
53 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
54 Олар астары қалың жібек төсектерге сүйеніп отырады. Екі бақшаның жемістері жақын түрады.
55 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
56 Бейіштерде өз ерлеріне телмірген сондай-ақ өздеріне олардан бұрын адамдар да жындар да соқтықпаған жүбайлар бар.
57 Ендеше, Раббыларыңның қай ныгметтерін өтірік дейсіңдер?
58 Ол жүбайлар; яқүт, маржан сияқты.
59 Ендеше, Раббыларыңның қай ныгметтерін өтірік дейсіңдер?
60 Жақсылықтың сыйлығы жақсылық қана.
61 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
62 БҮЛ екі бақшадан өзге бақша бар.
63 Ендеше, Раббыларыңның қай ныгметтерін өтірік дейсіқдер?
64 Екеуі де жап-жасыл.
65 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
66 Екі бақшада атылып қайнаған екі бастау бар.
67 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
68 Ол екі бақша да ттрлі жемістер және қүрма, анар бар.
69 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
70 Ол үжмақтарда қөркем мінезді, сұлу жүбайлар бар.
71 Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
72 Шатырларда түратын хүрлар бар.
73 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
74 Ол хүрларға олардан бүрын адамдар да жындар да жуымаган.
75 Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
76 Бейіштегілер, жасыл дивандарға, көркем төсеніштерге жастанып отырады.
77 Ендеше, Раббыларыңның қай ныгметтерін өтірік дейсіңдер?
78 (Мұхаммед Ғ.С.) Аса ардақты, жомарт Раббыңның аты өте жогары.