Барлық сүрелер
/ басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
Сүре 95 «Тин»
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Інжірге және зәйтінге,

2 Тұр Сина тауына,

3 Осы бейбіт қалаға серт.

4 Расында адамзатты көркем байнеде жараттық.

5 Сосын оны төмендердің төменіне қайтардық.

6 Бірақ иман келтіріп,ізгі іс істегендер басқа.Оларға таусылмас сыйлық бар.

7 (Адам баласы!)Бұдан кейін саған дінді өтіріксіндірген не?

8 Алла,үкім етушілердің ең жоғарғысы емес пе?
Араб тілінде / Аударымдар:
Халифа Алтай (қазақ),
Әл-Мунтахаб,
Кулиев,
Абу-Адель (орыс)
Барлық сүрелер / басқа сүрелер