Барлық сүрелер
/ басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
Сүре 94 «Шарх»
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 (Мұхаммед Ғ.С) көңіліңді ашпадық па?

2 Жүгіңді түсірмедік пе?

3 Сондай беліңді қайыстырған,

4 Сенің абыройыңды көтермедік пе? (С.А)

5 Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар.

6 Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар.

7 Ендеше босай қалсаң және тырыс.

8 Раббыңа ғана бел байла.
Араб тілінде / Аударымдар:
Халифа Алтай (қазақ),
Әл-Мунтахаб,
Кулиев,
Абу-Адель (орыс)
Барлық сүрелер / басқа сүрелер