1 Күнге және оның жарығына,
2 Ай,күнге ерген сәтте,
3 Жарқыраған сәтте күндізге,
4 Күнідізді жапқан кезде түнге.
5 Аспанға және оны жасағанға,
6 Жерге және оны жайғанға,
7 Кісіге және оны толықтағанға,
8 Сонда оған жамандық әрі тақуалық қабілеті бергенге серт.(90-С.10-А)
9 )Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да;
10 Әлде кім оны кірлетсе қор болды.
11 Сәмүдтің азғындары өтіріксінді.
12 Оның ең жауызы қарсы шыққанда,
13 Сонда Алланың елшісі оларға: «Алланың түйесіне әрі оның суарылуына килікпеңдер» деді.
14 Бірақ олар оны жасынға шығарып,түйені өлтіріп тастады.Ал,сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп,жермен жексен қылды.
15 Алла,оның соңынан қорықпайды.