Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 90 «Бәләд»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Жоқ,осы(Мекке) қаласына ант етемін;


2 (Мұхаммед Ғ.С) сен осы қалада отырасың.


3 Әкеге,балаға (Адам Ғ.С мен балаларына) серт!


4 Расында адамзатты әбігер жараттық.


5 ҚӨзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма?


6 «Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді.


7 Оны біреу көрмеді дей ойлай ма?


8 Оған екі көз жаратпадық па?


9 Әрі бір тіл,екі ерін ?


10 Оған екі жол көрсетпедік пе?


11 Сонда ол,кедергіні асуға тырыспады.


12 Кедергінің не екенін қайдан білесің?


13 Ол;құл азат ету,


14 Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру;


15 Жақындағы болған бір жетімді,


16 Немесе шаң топырақтағы сорлыны.


17 Сосын иман келтіріп,бірбіріне сабыр меңзегендерден және өзара мейірімділік кеңесін бергендерден болу.


18 Міне осылар; оңшылдар.


19 Сондай аяттарымызға қарсы шыққандар,олар; солшылдар.


20 Олар тозаққа қамалады.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға