Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 88 «Ғашия»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 (Мұхаммед Ғ.С әлемді) қаптайтын қияметтің хабары саған келді ме?


2 Ол күні, кейбір жүздерді қорқу басады.


3 Қатты қиналған шаршаған болады.


4 Жанып тұрған отқа тасталады.


5 Қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі.


6 Олардың ашы,сасық тікенектен басқа ешбір тамағы болмайды.


7 Ол семіртпейді де аштықты баспайды.


8 Ол күні,кейбір жүздер шаттықта,


9 Ғамалдарына разы,


10 Көтеріңкі баұшада;


11 Ол арада бір бос сөз естімейді.


12 Онда аққан бір бұлақ бар.


13 Онда биік дивандар бар.


14 Қойылған кіселер бар.


15 Тізілген жатықтар бар.


16 Төселген төсеніштер бар.


17 Олар,түйеге қарамай ма, қайтып жаратылған?


18 Олар,аспанға қарамай ма,қайтіп көтерілген?


19 Олар,тауларға қарамай ма? Қайтіп тігілген?


20 Олар,жерге қамамай ма,қайтып төселген?


21 (Мұхаммед Ғ.С) ал енді насихат ет; негізінен сен бір насихатшысың.


22 Сен оларды зорлаушы емессің.


23 Бірақ әлде кім бет бұрса,қарсы келсе;


24 Сонда Алла,оны зор азаппен қинайды.


25 Расында олардың қайтар жері Біз жақ.


26 Сосын сөз жоқ. Олардың есебі Бізге тән.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға