Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 85 «Бүруж»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Жұлдызды аспанға ант,


2 Уәделі күнге,


3 Куәлік берушіге куәлік берілгенге серт.


4 Жер ошақшылардың жаны шықсын!


5 Отынмен жанған от.


6 Ол уақытта олар оның маңында отырған;


7 Олар,мүміндерге істегендерін көрген.


8 Олардың мүміндерге өшігулерінің себебі; үстем,мақтаулы Аллаға сенулреі ғана еді. (Бір дәуірдегі кәпір патша,Мұсылмандарды ор қазып ішіне,жаққан отқа салады екен.Б.М. басқа рауаяттар да бар.)


9 Ол сондай Алла,аспандар мен жердің иелігі Оған тән. Ол Алла.әр нәрсені көруші.


10 Негізінде мүмін ерлер,мүмін әйелдерге жапа беріп.сосын тәубе қылмағандар,оларға тозақтың азабы; жандыратын азап бар.


11 Негізінен иман келтіріп,ізгі іс істегендер,оларға астарынан өзендер ағатын бейіштер бар. Осы,зор мұратқа жетушілік.


12 Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты.


13 Өйткені Ол,бастапта жаратып,әрі қайта тірілтеді.


14 Ол,тым жарылқаушы,өте сүюші.


15 Ғаршының иесі,аса ұлы.


16 Ол,қалағанын бұлжытпай істеуші.


17 (Мұхаммед Ғ.С) саған ләшкерлердің хабары келді ме?


18 Перғауын және Сәмүд ләшкерлерінің ?


19 Дегенмен қарсы болғандар,өтіріксінуде.


20 Аллаа,оларды сырттай орап алған.


21 Әрине ол,ұлы бір Құран.


22 Лаухч Махфұзда сақтаулы.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға