Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 84 «Іншиқақ»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Аспан жарылған сәтте,


2 Лайықты болып,Раббына бой ұсынған кезде,


3 Жер созылған сәтте,


4 Ол,ішіндегіні шығарып босатқан сәтте,


5 Раббына бой ұсынып,лайықты болған кезде ;


6 Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң; сонда Оған жолығасың.


7 Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе;


8 Сонда Ол,дереу жеңіл есеппен есептеледі.


9 Ол,үй ішіне-қуанып кайтады.


10 Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе;


11 Сонда ол,дереу өлім шақырады.


12 Қайнаған тозаққа түседі.


13 Өйткені ол.өз үйінде мәз-мейрам еді.


14 Негізінде ол,әсте (Аллаға) қайтпаймын деп,ойлады.


15 Олай емес.Расында Раббы оны көздеуде еді.


16 Жоқ,шапақ уақытына,


17 Түнге әрі ішіндегі нәрсеге,


18 Толған айға серт.


19 Әлбетте сендер,бір жағдайдан бір жағдайға өтесіңдер.


20 Сонда оларға иман келтірмейтін не болды?


21 Оларға Құран оқылған кезде,сәжде қылмайды.


22 Әрине кәпірлер «Өтірік» дейді.


23 Алла олардың бүкпелеген нәрселерін жақсы біледі.


24 (Мұхаммед Ғ.С) оларды күйзелтетін азаппен шүйіншіле.


25 Бірақ иман келтіріп,түзу ғамал істеушілерге таусылмайтын сыйлық бар.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға