1 Қабақ шытып,бет бұрды;
2 Оған соқырдың келуімен.
3 Қайдан білесің,мүмкін ол тазарар?
4 Не үгіт алар,оған үгіт пайда берер.
5 Ал енді байсынған;(Құрайш бастықтары) келсе,
6 Оған көңіл бөлесің.
7 Ол тазармаса саған не?
8 Ал енді саған жұгіріп келген біреу;
9 Ол,(Алладан) қорқады.
10 Сонда да оған селқос қарайсың.
11 Жоқ,олай емес.Әлбетте Құран бір насихат.
12 Сондықтан кім қаласа,үгіт алады.
13 Құрметті нқсқаларда жазулы,
14 Жоғары бағаланған тап-таза ;
15 Елшілердің қолында,
16 Ардақта,игі.(Періштелер;Лаухы Махфуздан көшірген.Б.Ж.Х)
17 Жаны шықсын) Оған,адам баласы қалай қарсы?
18 Алла адамды не нәрседен жаратты?
19 Бір тамшыдан жаратып,оны бейнеледі.
20 Сосын оның жолын оңайластырды.
21 Кейін оған өлім біріп,оны қабырға қойдырды.
22 Қалаған сәтте,оны тірілтеді.
23 Жоқ,ол Алланың әмірін орындамады.
24 Ал енді адамзат,жеген тамағына бір көз салсын.
25 Әрине мол су бердік.
26 Сосын қара жерді қақ айырдық.
27 Сонда жерде дәнді дақылдар өсірдік.
28 Жүзімдер,жоңышқалар,
29 Зәйтіндер,құрмалар,
30 Ну бақшалар,
31 Жемістер,өлеңдер;
32 Сендер әрі малдарың пайдалану үшін.
33 Ал енді қатты дауыс келген сәтте;
34 Сол күні,кісі туысынан қашады;
35 Шешесінен,әкесінен
36 Әйелінен және балаларынан.
37 Ол күні әркімнің ісі ауыр.(Әркім өз халымен әлек.)
38 Ол күні кейбір жүздер,жарқырайды,
39 Күлген қуанышты.
40 Ол күні кейбір жүздің үстін шаң басқан болады;
41 Оны қара түнек қаптаған болады.
42 Міне солар,қарсы келген бұзақылар.