1 Жоқ, қиямет күніне ант етемін.
2 Жоқ, сөгіс беруші нәпсіге ант етемін.
3 Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма?
4 Әрине оны саусақтарының үшіне дейін қайта жасай аламыз.
5 Бірақ адам баласы, күнәны жалғастыра бергісі келеді
6 "Қиямет күні қашан болады?',- деп, сүрайды.
7 Қашан көз шағылысқан,
8 Ай түтылган,
9 Күн мен ай бір араға келтірілген кезде.
10 Адамдар сол күн: "Қашар жер қайда?",- дейді.
11 Жоқ, әсте пана жоқ.
12 Ол күнгі түрақ; Раббыңның алды.
13 Сол күні адам баласына ілгері кейін істегені білдіріледі. (36-С. 12-А.)
14 Әрине адам баласы өзіне-өзі көздеуші:
15 Егер барлық желеулерін ортаға қойса да. (Қанша сылтауратса да өз қылығы өзіне мәлім.)
16 (Мұхаммед Ғ.С. Қүран уахи етілген сәтте, тездетіп оқуға тырысқан. Б.Ж.Р.М.) (Әй Мұхаммед!) Қүран түскенде оган асығып тіліңді қозгалтпа.
17 Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет.
18 Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес.
19 Сосын оны түсіндіру Бізге міндет.
20 Жоқ, олай емес. Сендер тез кететін дүниені жақсы көресіңдер.
21 Ақиретті тастап, қоясыңдар.
22 Қиямет күні, кейбір жүздер жарқылдап;
23 Раббына қарайды.
24 Ол күні, кейбір жүздер томсаруда болады.
25 Өзіне бел үзетін қинау жасалады деп ойлайды.
26 Жоқ олай емес. Жан алқымға келген кезде;
27 "Кім шара көреді?",- делінеді.
28 Ол шын мәнінде айрылу екенін сезеді.
29 Балтыры, балтырына оралады.
30 Ол күні Раббы жаққа айдалады.
31 Сонда ол, мойындамады да намаз оқымады.
32 Бірақ, жасынға шыгарып бет бүрды.
33 Сосын ол, кердеңдей басып, үйіне кетті.
34 Саған пәле келсін,
35 Сосын сені пәле басқыр!
36 Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма?
37 Ол, (жатырға) тамызылган бір тамшы мәни емес пе?
38 Сосын ол, үйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі.
39 Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты.
40 Бүларды жасаған Алланың, өліктерді қайта гірілтуге югші жетпей ме?