Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 69 «Хаққа»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Болуы анық қиямет.


2 Ол, болуы анық не нәрсе?


3 Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің?


4 Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды.


5 Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды.


6 Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді.


7 Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді қүрманың қуыс дөңбегінше қүлаганын көрер едің.


8 Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе?


9 Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болған кент түрғындары қателескен.


10 Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген. Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолга алған.


11 Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық.


12 Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп, сақтау үшін ғибрат қылдық.


13 Сонда бір рет Сүр үрілген сәтте,


14 Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте,


15 Міне сол күні, қияметуақигасы болады.


16 Сол күні, көк жарылып, босайды.


17 Періште көктің атырапында болады. Сондай-ақ Раббыңның гаршысын сегіз періште үстеріне көтереді.


18 Сол күні үсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды.


19 Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; "Алыңдар, кітабымды оқыңдар!",- дейді.


20 "Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем."


21 Сонда ол, қуанышты тіршілікте,


22 Көтеріңкі жаннатта болады;


23 Жемістері салбырап түрады.


24 (Оларға): "Өткен күнде істеген гамалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер сіңімді болсын" (делінеді.)


25 Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: "Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді" дейді.


26 "Есебімнің не екенін білмесем екен!"


27 "Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді. (Қайта тірілмеген болсам еді.)"


28 "Малым, маған еш пайда бермеді."


29 "Күш-қуатым жойылып кетті" (дейді.)


30 "Оны үстаңдар да байлаңдар."


31 "Сосын оны тозаққа салыңдар."


32 "Одан кейін оны жетпіс қүлаш шынжырмен матаңдар" (делінеді.)


33 "Өйткені ол, үлы Аллага иман келтірмеген;"


34 "Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаган еді."


35 Сондықтан бүгін мүнда оның бір жанашыры жоқ.


36 Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ.


37 Оны күнәкарлар ғана жейді.


38 Сонда көрген нәрселеріңе серт;


39 Және көрмеген нәрселеріңе де серт.


40 Күдіксіз бүл Қүран ардақты бір Елшінің сөзі. (Елші ойдан шығармайды, міндетін орындайды. Б.Ж.М.)


41 Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер.


42 Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер.


43 Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген.


44 Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса;


45 Әрине оның оң жағынан қолға алар едік;


46 Сосын оның күре тамырын кесер едік. (Өлтірер едік.)


47 Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды.


48 Расында ол Қүран, тақуалар үшін бір насихат..


49 Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз.


50 Өйткені, ол Қүран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет.


51 Шүбәсыз ол Қүран, анық шындық.


52 (Мұхаммед Ғ.С.) ендеше үлы Раббыңды атымен дәріпте.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға