Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 68 «Қалам»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Нұн: (Үғымын Алла біледі.) Қалам әрі оның жазған нәрселеріне серт.


2 (Мұхаммед Ғ.С.) Сен Раббыңның мәрхаметінде жынды емессің.


3 Сөзсіз сен үшін таусылмайтын бір сыйлық бар.


4 Шын мәнінде сен әлбетте үлы мінезге иесің.


5 Енді таяуда сен де көресің, олар да көреді.


6 Жындылық қайсыларыңда екен?


7 Күдіксіз Раббың кімнің жолынан адасқанын жақсы біледі. Және тура жолдағыны да біледі.


8 Ендеше, өтірікшілерге бой ұсынба.


9 Егер сен босасаң сонда олардың да босағылары келеді. (Оларды бүттардан тыймасаң сонда оларда жүмсайды. Б.М.)


10 (Мұхаммед Ғ.С.) әрбір көп ант ішкен ынжықтарга бой үсынба;


11 Өте айыптағыш, өсек тасыгышқа да,


12 Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да,


13 Сотқар, сондай-ақ тексізге де, (Мүғаияра үлы Уәлід.)


14 Бүлар малды, балалы болса да.


15 Оған аяттарымыз оқылған сәтте: "Бүрынғылардың ертегісі" деді.


16 Жуырда оның мүрнына дақ саламыз. (Түмсығын тасқа тигіземіз.) (Бір жомарт адамның бақшасына мүрагер болған балалары, іштарлық еткендіктен апатқа үшырайды. Б.М.Р.Х.Т.)


17 Бүларга бақша иелеріне пеле бергендей пеле бердік. Сол уақта олар, таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті.


18 Алла қаласа демеді.


19 Олар үйықтап жатқанда бақшаға бір апат айналды.


20 Бақша қара түнектей болды.


21 Сонда олар, таң сәріден дабыстады :


22 "Егер жеміс алатын болсаңдар, бақшаларыңа жүріңдер" деп.


23 Сонда олар сыбырласып, кетіп бара жатты:


24 "Бүгін бақшада сендерге ешбір міскін кірмесін" деп.


25 Олар, ктші жете түра таң сәріден оңаша кетті.


26 Сонда олар, бақшаны көрген сәтте: "Анық адасқан екенміз;",- десті.


27 "Жоқ, біз қүр қалған екенміз" (десті.)


28 Олардың орта көз қарастағысы: "Сендерге Алланы неге дәріптемейсіңдер демедім бө?",- деді.


29 Олар: "Раббымыз! Сені дәріптейміз. Расында залымдардан борған екеміз" десті.


30 Сонда олар, бір-біріне қарсы кінәласты:


31 "Нендей өкініш бізге, анық шектен шығушылардан болдық" десті.


32 "Мүмкін Раббымыз оның орнына жақсырағын берер. Расында Раббымызга ынтықпыз."


33 Міне бейнет осындай. Әрине ахирет азабы тағы зор, егер олар білген болса.


34 Күдіксіз тақуалар үшін; Раббыларының қасында Нағым жаннаттары бар.


35 Бой үсынушыларды, күнәкарлардай етеміз бе?


36 Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер?


37 Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма?


38 Расында онда сендердің үнатқандарың бар ма?


39 Немесе сендер үшін Бізге қарсы қияметке дейін жалғасатын, шәксіз өз пайдаларыңа үкім берілетін бір ант бар ма?


40 (Мұхаммед Ғ.С.) олардан сүра: "Расында осыган олардың қайсылары жауапкер екен?


41 Не олардың ортақтары бар ма? Егер сөздері шын болса, ортақтарын әкелсін.


42 Қиямет күні, балтыр (шындық) ашылады. Олар сәждеге шақырылады, сәжде қыла алмайды.


43 Олардың көздері сүлкиіп, ездерін қорлық баураған. Расында олар аман-сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған болатын.


44 (Мұхаммед Ғ.С.) енді осы сөзді (Қүранды) жасынға шығарғандарды Маған таста; оларды білмеген жақтан баяулап кеміте береміз.


45 Оларға мүрсат беремін. Шынында шараларым күшті.


46 (Мұхаммед Ғ.С.) немесе сен олардан жалақы сүрап, олар, ауыр зиянға үшырады ма?


47 Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма?


48 (Мұхаммед Ғ.С.) ендеше Раббыңның үкімі бойьгаша сабыр ет. Балық иесі (Юныс Ғ.С.) қүсама. Сол уақытта ол, қайгыға булығып, жалбарынған болатын. (37-С. 139-147-А)


49 Егер оған Раббынан бір ныгмет болмаса еді, сонда ол, қорланған түрде қырға тасталар еді.


50 Өйткені, Раббы оны таңдап жақсылардан етті.


51 Расында қарсы келгендер, Қүранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды. Және: "Ол анық жынды" дейді.


52 Негізінде бүл Қүран әлемдерге насиқаттан басқа нәрсе емес.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға