1 (Мұхаммед Ғ.С. жұбайларынаі хазіреті Зейнептің үйінен бал шәрбеті ішкенін қызганған хазрет: Ғайша мен Хафса ақылдасып, Пайгамбар (Ғ.С.) ға: "Аузыңнан сасық иіс шығып түр" дегендіктен өзіне балды арам етіп, ант ішеді. Б.М.К.Р.Т.Х.Ж-Қ.Т-Қ.) Әй Пайғамбар! Жүбайларыңның ризалығын қалап, Алланың өзіңе халал еткен нәрсесін неге арам етесің? Алла тым жарылқаушы, ерекше мейрімді.
2 Расында Алла, анттарыңды шешуді парыз қылды. Алла иелерің. Ол, толық білуші, аса дана.
3 Сол уақытта Пайғамбар (Ғ.С.) кейбір жтбайына берген сырды, ол басқаға хабарлап қойган сәтте, Алла оны Пайғамбарга білдірді. Бірақ Пайғамбар жүбайына оның кейбірін білдіріп, кейбірін білдірмеді. Сонда оны жүбайына білдірген сәтте, ол: "Бүны саган кім білдірді?",- дегенде, Пайғамбар (Ғ.С.): "Маған толық білуші, әр нәрседен хабар алушы Алла білдірді" деді.
4 Егер екеуің Аллаға тәубе етсеңдер жақсы. Расында жүректерің ауытқыды. Егер екеуің Пайғамбарға қарсы бір-біріңе болыссаңдар, оның иесі Алла және Жебрейіл (Ғ.С.) де, игі мүміндер де, тағы олардан кейін ; періштелер де оган болысады.
5 < (Әй Пайғамбардың жүбайлары!) Егер 1 сендерді ажыратса, Раббы оған орындарыңа сендерден жақсы, Мүсылман; мүмін, бой үсынушы, тәубе етуші, қүлшылық қылушы, ораза үстаушы, түл және ер көрмеген қыз жтбайлар беруі мүмкін.
6 Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отьшы адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер; жуан денелі, қатал. Олар, Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бүйрылса, соны орындайды.
7 Әй қарсы келгендер! БҮГІН сылтауратпаңдар! Шын мәнінде істегендеріңнің сазайын тартасыңдар.
8 Әй мтміндер! Аллага шынайы тәубе қылыңдар. Раббыларың жамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын тжмақтарга кіргізуі үміт етіледі. Алла, ол күні, Пайғамбарды, онымен бірге иман келтіргендерді кейітпейді; олардың нүрлары алдарында, оң жақтарында жүреді. Олар: "Раббымыз! Нүрымызды толықтыр, бізді жарылқа. Сөзсіз Сенің әр нәрсеге толық күшің жетеді" дейді. (57-С.ІЗ-А.)
9 Әй Пайгамбар! Кәпірлер және мүнафықтармен күрес. Сондай-ақ оларға қатаң бол. Олардың орны тозақ нендей жаман орын.
10 Алла (Т.) кәпірлерге Нүх (Ғ.С.) тың әйелі мен Лүт (Ғ.С.) тың әйелін мысал көрсетті. Олар жақсы қүлдарымыздан екі қүлдың некесінде еді. Сонда екеуі де оларға опасыздық қылды. Сондықтан екі пайғамбар да ол екеуін Алладан еш қорғай алмады "Екеуің тозаққа кірушілермен бірге кіріңдер." делінді.
11 Алла (Т.) иман келтіргендерге Перғауынның әйелін мысал көрсетті. Сол уақытта ол: "Раббым! Өз жаныңнан маган бейіште бір үй жаса әрі мені Пергауыннан және оның істегендерінен қүтқар. Сондай-ақ залым елден де қүтқар" деген еді.
12 Ғымран қызы Мәрйемді мысал көрсетті. Ол үятты жерін қорғаған. Сондықтан рүхымыздан үрлеген едік. Ол, Раббының сөздерін және кітаптарын растаған еді. Сондай-ақ бой тсынушылардан еді. (Нүх Ғ.С. ның әйелі; уаьила, еліне: "Ол жынды" деп, Лүт Ғ.С. ның әйелі; қонақ болып келген періштелерді, еліндегі бүзықтарға хабар беретін еді. Ал Перғауынның әйелі, Асия Мазақым қызы; Мүса Ғ.С. га иман келтіргендіктен, Перғауын оны төрт қазыққа керіп, аяусыз түрде қинаумен өлтіреді. Ғымран қызы Мәрйем; Алланың әміріиен екі қабат болып, Ғиса Ғ.С. ды дүниеге келтіреді. Ж.М.Х.Т.)