Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 63 «Мүнафиқун»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 (Мұхаммед Р.С.) саған мүнафықтар келген кезде: "Сені, анық Пайғамбар деп айғақ боламыз" деді. Сенің хақ Пайғамбар екеніңді Алла біледі. Сондай-ақ Алла (Т.) расында мүнафықтардың мүлде суайт екендігіне куәлік етеді.


2 Олар анттарын қалқан етеді де Алланың жолынан тыяды. Ктмәнсыз олардың істегендері нендей жаман.


3 Міне расында олар, иман келтіріп, кейін қарсы келгендіктерінің салдарынан жүректері бітелген Енді олар, түсінбейпі.


4 (Мүхаммеп Ғ.С.) оларды көрген кезде, түлғалары сені таңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың. Олар, бейне, қаланған қуыс дөңбек сияқты. Сондай-ақ олар, әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды. (Өз қылықтарынан үрейленеді.) Олар дүшпан. Сондыктан олардан сақтан. Оларды Алла типыл қылсын. Қайда адасып, бара жатыр? (Мүнафықтардың бастығы Ғабдолла Үбай үлы, тағы басқалары зор денелі келбетті де шешен адамдар еді. Келіп, дуарға сүйеніп түрып, әдемілеп сөйлеуші епі. Б.Ж.М.Т.)


5 (Рауаят бойынша Мүсталық үлдарымен болған бір қақтығыста, суға таласып, Ғабдолла Үбай тлы, мүьажірлерді өте ауыр сөздермен қорлайды. Пайғамбарға білініп; оны шақырып алып, сүрағанда, ант-су ішіп, жылмия танады. Өтірігі шыққаннан кейін оған, Пайғамбар (Ғ.С.) дан: "Кешірім сүра, Алладан жарылқау тілесін" десе, қасарысып көнбейді. Б.М.) Егер оларға: "Келіңдер, Алланың Елшісі сендерге жарылқау тілесін" делінсе, олардың бастарын шайқағанын көресің. Оларбет бүрып, текаппарланады.


6 (Мұхаммед Ғ.С.) олар үшін жарылқау тілесең де тілемесең де бәрі бір. Оларды Алла жарылқамайды. Алла (Т.) бүзақы елді тура жолга салмайды.


7 Олар: "Алланың Елшісінің жанындагы кісілерге еш нәрсе бермеңдер, олар тарқап кетсін" дейді. Негізінде көктер мен жердің қазынасы Аллаға тән. Бірақ мүнафықтар үқпайды.


8 Ол мүнафықтар: "Егер соғыстан қайтып, Мединеге барсақ; ол жерден ардақтылар, інжықтарды әлбетте шығарады" дейді. Негізінде ғиззат Аллаға, Елшісіне әрі Мүсылмандарга тән. Бірақ мүнафықтар білмейді.


9 Әй мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Алланы еске алудан тоспасын. Әлде кім бүны істесе, міне солар, зиян тартушылар.


10 Сендерден біреулеріңе өлім келіп: "Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам" деуден бүрын өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жүмсаңдар.


11 Қашан біреудің ажалы келсе, Алла, оны әсте кешіктірмейді және Алла, істегендеріңді толық біледі.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға