Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 62 «Жұма»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Көктердегі және жердегі нәрселер; үкім иесі, өте пәк, тым үстем, хикмет иесі Алланы дәріптейді.


2 Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға; Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бүрын ашық адасуда еді.


3 Ол Алла, бүл Пайғамбарды олардан басқа әлі оларға қосылмағандарга да жіберді. Ол тым үстем, аса дана. (Бүл жердегі, әлі оларға қосылмағандар; қияметке дейін Ислам дініне кіретін елдер. Б.Ж.М.)


4 Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілігі, оны қалаған қүлына береді. Алла, зор кеңшілік иесі.


5 Өздеріне Тәурат жүктеліп кейін оны игере алмағандардың мысалы; кітаптарды артқан есек тәрізді. Алланың аяттарын жасынға шығарган елдің мысалы нендей жаман. Алла залым қауымды тура жолға салмайды.


6 (Мұхаммед Ғ.С.): "Әй Яьудилер! Егер өздеріңді адамдардан өзге, Алланың шын досымыз деп ойласаңдар, дереу өлім тілеңдерші! Егер рас айтушы болсаңдар" де.


7 Негізінде олар, бүрын қолекі істеген қылмыстарының салдарынан әсте өлім тілемейді. Алла, залымдарды жақсы біледі.


8 (Мұхаммед Ғ.С.) оларга: "Расында сендер қашқан өлім; әрине ол, сендерге кездеседі. Сосын көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді" де.


9 Әй мүміндер! Жгма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) үмтылыңдар; және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер тшін жақсы.


10 Намаз өтелген кезде, жер жтзіне таралыңдар да Алланың мәрхаметінен несібе іздеңдер. Сондай-ак Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине қүтыласыңдар. (Мұхаммед Ғ.С. бір жүма күні, хүтба оқып, түрғанда бір астық артқан керуенге қағылған дабылды естіген ел, шыга жүгіріседі. Өйткені қатты ашаршылық бір жыл еді. БҮЛ аят соған байланысты. Б.М.)


11 Олар сауданы, ойынды көрген сәтте, сол жаққа тарайды да сені тік түрған бойда тастайды. Оларға: "Алланың қасындагы нәрселер, ойыннан да саудадан да жақсы. Алла ризық берушілердің жақсырағы" де.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға