Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 60 «Мүмтахина»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Әй мүміндер! Менің дүшпандарымды да өз дүшпандарыңды да дос түтпаңдар. Олар, сендерге келген шындыққа қарсы келсе де оларга сүйіспеншілік көрсетесіңдер. Олар, Пайғамбарды да сендерді де Раббыларың Аллаға иман келтірдіңдер, деп жүртган шығарды. Сендер Менің жолымда ризалыгымды іздеп, соғысқа шыққанда, оларға жасырын достық істейсіңдер. Мен көрнеу, көмес істегендеріңді де жақсы білемін. Сендерден кім бүны істесе, расында ол тура жолдан адасты. (Балтага үлы Хатып, Мединеден Сара атты әйелмен Меккедегі елге: "Меккені алыну әзірлігі көріліп жатыр" деп, хат жолдайды. Бірақ Пайғамбарга Алла білдіргендіктен бірнеше кісі жіберіп, Сарадагы хатты алдырып, Хатыптан сүралганда: "Бала-шағам Меккеде болғандықтан жаздым" дегеннен кейін Пайғамбар (Ғ.С.) кешірім етеді. Б.Ж.М.К.Т.Х.)


2 Егер олар сендерге үстем келсе, өздеріңе жау болып, сендерге жаман ниетпен қолдарын созып, тілдерін тигізеді. Қарсы болуларыңды қалайды.


3 Сендерге туыстарың да балаларың да ешбір пайда бермейді. Алла қиямет күні, араларыңды ажыратады. Алла істегендеріңді толық біледі.


4 Расында сендерге Ыбырайым (Ғ.С.) және онымен бірге болғандар, бір көркем өнеге болды. Сол уақытта, олар елдеріне: "Сендерден де Алладан өзге табынғандарыңнан да бездік. Сендермен арамызга мәңгі дүшпандық, өштік бастады. Сендерге Алланың бірлігіне иман келтіргенге дейін қарсымыз" деген. Бірақ Ыбырайым (Ғ.С.) ның әкесіне: "Әрине сен үшін жарылқау тілеймін. Дегенмен Алладан келетін нәрсеге шамам келмейді" деген болатын. "Раббымыз, Саған тәуекел еттік, Саған қайттық әрі барар жеріміз Сен жақ."


5 "Раббымыз! Кәпірлер үшін бізді сынама. Бізді багышта. Раббымыз! Сен өте үстем, хикмет иесісің."


6 Расында сендерге, оларда (Ыбырайыи Ғ.С. және сыбайластарында,) Алланы, ахирет күнін тміт еткен кісілер тшін көркеи өнеге бар. Ал кім бет бтрса, сонда штбәсыз Алла еш нәрсеге мүхтаж еиес, аса мақтаулы.


7 Алланың сендермен дұшпандық еткен кісілердің арасына достық пайда қылуы мтмкін. Алла өте күшті әрі Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.


8 Алла (Т.) дін жайында сендермен соғыспаған және жүрттарыңнан шыгармағандарга жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында Алла (Т.) турашылдарды жақсы көреді.


9 Шын мәнінде Алла (Т.) сендермен дін турасында согысқандарды, жүрттарыңнан шығарғандарды және шығарылуларыңа көмекші болғандарды дос түтуларыңа тыйым салады. Біреу оларды дос көрсе, солар залыидар.


10 Әй иүміндер! Сендерге мүмін мүкажір әйелдер келсе, оларды сынаңдар. Олардың имандарын Алла жақсы біледі. Сонда егер олардың мүмін әйел екендігін білсеңдер, онда оларды кәпірлерге қайтармаңдар. БҮЛ әйелдер, оларға халал емес, олар да бүларга халал емес. Олардың бүл әйелдерге берген мәьерлерін өздеріне қайтарып беріңдер. Егер бүл әйелдердің мәкерлерін берсеңдер, оларды, некеленулеріңнің оқасы жоқ. Кәпір қатъшдарды некелеріңде үстамаңцар. Кәпір қатындарга берген мәьерлеріңді сүраңдар. Кәпірлер де сендерге келген мүмін қатындарға берген мәьерлерін сүрасын. БҮЛ сендерге Алланың үкімі. Араларыңа үкім қылады. Алла толық білуші, хикмет иесі.


11 Егер кейбір әйелдерің мәьерімен кәпірге өтсе, сонда үстемдікке ие болсаңдар; олжадан, кәпірге әйелі кеткендерге кеткен мәьерінің бодауын беріңдер. Иман келтіргендер, Алладан қорқыңдар.


12 Әй Пайғамбар! Егер саған мүмін әйелдер, Аллаға еш нәрсені ортақ қоспауга, үрлық қылмауга, зинашы болмауға балаларын өлтірмеуге, қол-аяқтарының арасынан бір жала жаппауга, (Суық жолдан тапқан баланы өз еріне телімеуге. Ж.М.) және ізгілік істеуге, өзіңе қарсы келмеу үшін келген кезде, олардың (биғаттарын) серттерін қабыл ал. Олар тшін Алладан жарылқау тіле. Өйткені Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.


13 Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгеніндей олар, ақиреттен үміт үзген.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға