Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 101 «Қариға»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Зор уақиға,


2 Ол зор уақиға не нәрсе?


3 Ол зор уақиғаның не екенін білесің бе?


4 Ол күні адам баласы таралған паруандай болады.(54-С.7-А)


5 Таулар тутілген жүндей болады.


6 Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса,


7 Онда ол,разы болатын бір тіршілікте болады.


8 Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса,


9 Онда оның орны «һауа» болады.


10 Ол һауаның не екенін білесің бе?


11 Ол,жалындаған от.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға