Барлық сүрелер
/ басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
Сүре 100 «Ғадят»
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Қатты ентігіп,шапқан

2 (Тұяғынан) от шығарған,

3 Таң сәріден шабуыл жасаған,

4 Тозаңдатып,шаңдатқан;

5 Сөйтіп жаудың ортасына кірген аттарға серт.

6 Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді.(Қанағатсыз)

7 Өйткені ол,өзі де оған куә.

8 Сондай ақ ол,байлықты өте жақсы көреді.

9 Ал олар білмей ме? Қабырдағылар қопарылып шығарылған кезде.

10 Көкіректегілер ашыққа шығарылатын сәтте;

11 Ол күні Раббылары толық хабар алушы.
Араб тілінде / Аударымдар:
Халифа Алтай (қазақ),
Әл-Мунтахаб,
Кулиев,
Абу-Адель (орыс)
Барлық сүрелер / басқа сүрелер