Барлық сүрелер
/ басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
Сүре 1 «Фатиха»

1 Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

2 Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән.

3 Аса қамқор, ерекше мейірімді.

4 Қиямет күнінің иесі.

5 (Әй Алла!) Саған ғана құлшыдық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!

6 Бізді тура жолға сала көр!

7 Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!
Араб тілінде / Аударымдар:
Халифа Алтай (қазақ),
Әл-Мунтахаб,
Кулиев,
Абу-Адель (орыс)
Барлық сүрелер / басқа сүрелер