Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 91 «Шәміс»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Күнге және оның жарығына,


2 Ай,күнге ерген сәтте,


3 Жарқыраған сәтте күндізге,


4 Күнідізді жапқан кезде түнге.


5 Аспанға және оны жасағанға,


6 Жерге және оны жайғанға,


7 Кісіге және оны толықтағанға,


8 Сонда оған жамандық әрі тақуалық қабілеті бергенге серт.(90-С.10-А)


9 )Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да;


10 Әлде кім оны кірлетсе қор болды.


11 Сәмүдтің азғындары өтіріксінді.


12 Оның ең жауызы қарсы шыққанда,


13 Сонда Алланың елшісі оларға: «Алланың түйесіне әрі оның суарылуына килікпеңдер» деді.


14 Бірақ олар оны жасынға шығарып,түйені өлтіріп тастады.Ал,сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп,жермен жексен қылды.


15 Алла,оның соңынан қорықпайды.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға