Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 67 «Мүлік»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Сондай бүкіл әкімшілік қолында болған Алла, аса үлы әрі Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші.


2 Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы.


3 Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат-қабат жаратқан. Рахманның жаратуында еш мүлтік көре алмайсың. Қайта көз сал. Ешбір ақау көре аласың ба?


4 Тағы көзіңді екі қайтарып қара. Көзің саған шаршап, талган түрде айналады. (50-С. 6-А.)


5 Расында Біз дүние аспанын шамдар (жүлдыздар) мен безедік. Оны шайтандарды атуға жасадық. Сондай-ақ оларға жалындаған азап әзірледік. (15-С. 16-18-А., 37-С. 6-10-А.)


6 Сондай Раббыларына қарсы келгендер үшін тозақ азабы бар. Нендей жаман орын.


7 Ішіне тасталған сәтте, оның қайнап, күжілдеген дауысын естиді.


8 Долданғандығынан жарылып кете жаздайды. Қашан оған бір топ (қылмысты) тасталса, оларға оның сақшылары: "Сендерге ескертуші келмеді ме?",- деп, сүрайды.


9 Олар: "Расында бізге ескертуші келді. Сонда оларды жасынға айналдырдық та Алла сендерге еш нәрсе түсірмеген. Сендер зор адасудасыңдар деп едік" дейді.


10 "Егер біз тыңдаған немесе ақылға салган болсақ еді, бүл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік" дейді.


11 Сөйтіп, олар күнәларын мойындайды. Ендеше, жалындаған тозақтықтар оңбасын!


12 Дүрысында сондай Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандар, олар үшін жарылқау әрі зор сыйлық бар.


13 Сөздеріңді жасырсаңдар немесе әшкерелесеңдер де шәксіз Алла, көңілдегіні толық біледі.


14 Жаратқан білмей ме? Ол тым жұмсақ, әр нәрсені толық білуші.


15 Ол сондай Алла, сендер тшін жерді көнпіс қылып жаратты. Ендеше оның айналасында жтріңдер. Сондай-ақ Оның ризығынан жеңдер. Және барар жерлерің Сол жақ.


16 Жер теңселген сәтте аспандағының сендерді жерге жүттыруынан бейбітсіңдер ме?


17 Немесе көктегінің сендерге тас жаудыруынан қауіпсізсіңдер ме? Ескертуімнің қалай екенін таяуда білесіңдер


18 Расында олардан бүрынғылар да жасынга айналдырған еді. Маған қарсы келу қалай екен?


19 Үстеріндегі қанаттарын жайып, қомдап үшқан қүсты көрмей ме? Оларды Алла ғана тоқтатады. Сөзсіз Ол, әр нәрсені толық көруші.


20 Сендердің Алладан өзге көмек беретін жасақтарың кім? Кәпірлер аллдануда ғана.


21 Алла ризығын тоқтатса, сендерді көректендіретін кім? Әрине олар тоң мойындықта, жиреніп қасарысуда.


22 Етпеттеп жүрген біреу турарақ ба? Даңғыл жолда тік жүрген біреу турарақ па?


23 (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Ол сондай Алла, сендер үшін есту, көру және сезу жаратқан. Сонда да аз шүкір етесіңдер" де.


24 Оларға: "Ол сондай Алла, сендерді жер жүзіне таратқан және Сол жаққа жиналасыңдар" де.


25 Олар: "Егер айтқандарың рас болса, осы уәде қашан?",- дейді.


26 (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Шын мәнінде оның мәліметі Аллаға тән. Мен ашық ескертуші ғанамын" де.


27 Олар оны жақыннан көрген сәтте, қарсы болгандардың жүздері бүзылып кетеді. Оларга: "Міне осы сендердің тілегендерің" делінеді.


28 (Мұхаммед Ғ.С.) оларга: "Көрдіңдер ме? Егер Алла, мені әрі менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе мәрхамет етсе, сонда кәпірлерді кім күйзелтуші азаптан қүтқарады?",- де.


29 Оларға: "Ол Алла, аса қамқор. Оған иман келтірдік әрі Оған тәуекел қылдық. Кімнің ашық адасуда екенін таяуда білесіңдер" де


30 Оларға: "Көрдіңдер ме? Егер суларың қүрып кетсе, сендерге, бір аққан суды кім келтіреді?",- де.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға