Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 52 «Тұр»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Түр тауына,


2 Жазулы Кітапқа,


3 Теріге жазулыға,


4 Толықсыған үйге, (Көктегі қыблаға,)


5 Көтерілген төбеге, (көкке,)


6 Және ыстық теңізге серт!


7 Сөзсіз Раббыңның азабы болады.


8 Оны тойтарушы жоқ.


9 Ол күні аспан қатты теңселеді.


10 Таулар үшіп жүреді.


11 Сол күні өтірік деушілерге нендей өкініш!


12 Олар, сондай орынсыз сүңгіп ойнағандар.


13 Олар сол күні, тозаққа итеріліп, тасталады.


14 "Міне! Сендер өтірік деген тозақ!"


15 Ал осы бір сиқыр ма? Немесе сендер көрмейсіңдер ме?


16 "Тозаққа кіріңдер. Шындасаңдар да шындамасаңдар да сендерге бәрі бірдей. Істегендеріңнің гана сазайын тартасыңдар!


17 Әрине тақуалар үжмақтарда ырысқа бөленеді.


18 Раббыларының өздеріне берген нәрселерінің қызығын көреді. Оларды Раббылары тозақтың азабынан қорғаған.


19 "Істеген гамалдарың себепті жеңдер, ішіңдер. Сіңімді болсын."


20 "Тізілген дивандарға сүйенген түрде" (делінеді.) Оларды бота көз хүрлармен үйлендіреміз.


21 Сондай иман келтіргендер, олардың үрпақтары да иман келтіріп, өздеріне ілескен болса, оларды ол үрпақтарына қосамыз. Сондай-ақ олардың ғамалдарынан еш нәрсе кемітпейміз. Әркім істегенінің бодауына үсталады. (74-С. 38-А.)


22 Оларға бейіште қызығатын ет пен жемісті молайтамыз.


23 Олар бейіште тостағанға таласады. Онда бір орынсыз сөйлеу де күнәкарлықта болмайды. (37-С. 47-А. 56.С. 19-А)


24 Оларға сәдептегі інжу тәрізді жастар айналып, қызмет етеді.


25 Олар бір-біріне қарама-қарсы отырып хал сұрасады:


26 "Расында біз, бүрын (дүниеде) семьякызда да қорқушы едік" деседі.


27 "Сондықтан Алла бізге игілік етті де заьарлы азаптан қорғады."


28 "Расында біз, бүрын Аллаға жалбарынушы едік. Өйткені Ол, игілік істеуші, ерекше мейірімді" (деседі.)


29 (Мұхаммед Ғ.С.) ал енді үгіттей бер. Өйткені сен Раббыңның нығметі арқасында бақсы да жынды да емессің.


30 Немесе олар сені: "Ол бір ақын. Сондықтан оған жаман заманның болуын тосамыз" дейді.


31 Оларга: "Күтіңдер. Мен де сендермен бірге югтемін" де.


32 Немесе оларға бүны ақылдары әмір ете ме? Не олар азғын бір ел ме?


33 Я, болмаса олар: "Кұранды өзі жасап алды" дей ме? Жоқ, олар иман келтірмейді.


34 Ендеше, егер олар шыншыл болса, Құран сияқты бір сөз келтірсін. (2-С.23-А., Ю.С. 38-А., 11-С. 13-А.)


35 Немесе олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Не жаратушы өздері ме?


36 Яки олар, көктер мен жерді жаратты ма? Жоқ, олар нанбайды.


37 Немесе Раббыңның қазыналары олардың қасында ма? Я, олар игеруші ме?


38 Немесе, олардың шыгып тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың тыңдаушылары ашық бір дәлел келтірсінші!


39 Немесе қыздар Алланікі де үлдар сендердікі ме?


40 (Мұхаммед Ғ.С.) не сен олардан ақы тілеп сондықтан олар ауыр борышқа жығылды ма?


41 Немесе олардың қасында ғайыптың мәліметі бар да олар соны жаза ма?


42 Не болмаса, олардың бір әдіс қылгылары келе ме? Сонда қарсы болғандардың өздері түзаққа түседі.


43 Әлде олардың Алладан басқа тәңірі бар ма? Алла олардың қосқан теңеулерінен пәк.


44 Олар аспаннан түсіп келе жатқан бір кесек көрсе де: "Шоғырланған бұлт" дейді.


45 (Мұхаммед Ғ.С.) енді оларды жоқ болатын күндеріне жолыққандарына дейін қойып қой.


46 Ол күні оларға әдістері ешбір пайда бермейді әрі оларға көмек те етілмейді.


47 Шүбәсыз ондай залымдарға одан өзге де азап бар. Бірақ олардың көбі түсінбейді.


48 (Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның үкіміне сабыр ет. Өйткені сен көз алдымыздасың. Орныңнан түрған шақта, Раббыңды мақтай дәріпте.


49 Түннің бір бөлімінде және жүлдыздар батар кезде де дәріпте. (Құптан және таң намазын оқы. М.Ж)




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға