Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 50 «Қаф»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Қаф және биік дәрежелі Құранға серт.


2 Керісінше кәпірлер өздеріне араларынан бір ескертуші келуін: "Бүл бір гажайып нәрсе" десті.


3 (Және былай десті): "Біз өліп топырақ болған кезде, (қайта тірілеміз бе?) БҮЛ қайту ақылдан үзақ."


4 Расында жердің олардан нені кеміткенін білеміз. Жанымызда әр нәрсені сақтаушы бір Кітап бар. (Лаухы Махфүз Б.М.)


5 Әрине олар, хақиқат келген сәтте, жасынға шығарды. Сондықтан олар, бір дағдарыста.


6 Олар тстеріндегі аспанга қарамай ма? Оны қалай жасап, безедік. Оның ешбір сызаты жоқ.


7 Жерді төсеп, онда әр ттрлі көркем нәрселерді өсірдік.


8 Әрбір бейім қүл тшін; бір белгі және үгіт.


9 Аспаннан берекетті жаңбыр жаудырып, сонда ол арқылы бақшалар және орылатын астық өсірдік.


10 Қауашақтары шоғырланган үзын қүрма ағаштарын өсірдік;


11 Қүлдарға көрек үшін. Сондай-ақ жаңбырмен жансыз жерге жан бердік. (Қайта тіріліп,) шығуда сол тәрізді.


12 Олардан бүрьш Нүх (Ғ.С.) қауымы, Рәс халқы және Сәмтд елі де жасынға айналдырған болатын.


13 Ғад, Перғауын және Лүттың ағайындары да


14 Әйкеліктер және Түббағ елі, барлығы пайғамбарларды жасынға айналдырған. Сондыктан уәде шынга айналған. (Азапқа үшыраған.)


15 Алғашқы жарату Бізді шаршартты ма? Жоқ, олар жаңа жаратылыстан күмәндануда.


16 Расында адамзатты жараттық.Оған, нәпсісінің не сыбырлаганын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз.


17 Оның, оңынан да солынан да екі байқаушы отырады. (82-С. 10-13-А.)


18 Аузынан бір сөз шыгарса-ақ болды, алдында аңцушы дайын.


19 Өлім есірігі шындықты келтірді. Одан қашушы едің.


20 Стр тріледі. Осы уәделі күн.


21 Әркіммен айдаушы және куә бірге келеді.


22 "Расында осыдан кәперсіз едің. Ал енді сенен шымылдықты аштық. Сондықтан бүгін көзің өткірлесті" (делінеді.)


23 Жанындағы (періште): "Міне мендегі дайын" дейді.


24 "Бүкіл қарсы болған қиқарды, тозаққа салыңдар" (делінеді.)


25 "Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шыгушы және ктмәнданушы;"


26 "Бүлар сондай Алламен бірге тәңір жасап алған. Енді оны қатты азапқа салыңдар!"


27 Оның сыбайласы (шайтан): "Раббым! Оны, мен аздырмадым. Дегенмен өзі де үзақ адасуда еді" дейді.


28 (Алла): "Менің алдымда тартыспаңдар. Сендерге алдын ала уәдені білдірген едім" дейді.


29 "Менің алдымда сөз ауыстырылмайды. Сондай-ақ қүлдарыма әділетсіздік істемеймін."


30 Ол күні, тозаққа: "Толдың ба?",-дейміз. Ол: "Тагы да бар ма?",-дейді.


31 Бейіш, тақуаларға жақындатылады, алыс болмайды.


32 "Міне, уәде етілген нәрселерің; бүкіл тәубешіл, сақтанушылар үшін."


33 Кім көрместен Рахманнан корықса, бейім жтрекпен келсе;


34 "Үжмаққа аман-есен кіріңдер. Бұл мәңгілік күні" (делінеді.)


35 Бейіште олар не тілесе бар. Сондай-ақ жанымызда артығы да бар.


36 Олардан бүрын -өздерінен орасан мықты, мемлекеттерді кезген, нәсілді жоқ еткен едік. Қүтылар жер бар ма?


37 Штбәсыз бүнда (сезімтал) жүрегі барға немесе қүлақ салып, әзір болғанга бір үгіт бар.


38 Расында көктер мен жерді және екі арасындағы нәрселерді алты күнде жараттық, шаршамадық.


39 (Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Раббыңды күн шығудан бүрын әрі батудан бүрын мақтай дәріпте. (Таң намазы, бесін, екінті. Б.Ж.М.)


40 Түннің бір бөлімінде және намаздардан кейін Оны дәріпте. (Намаздардың артындағы нәпілдер. Б.Ж.М.)


41 Жақын жерден бір айғайшының шақыратын (Сүр үрілетін) күніне қүлақ сал.


42 Олар ол күні ащы дауысты анық естиді. Ол, (қабырдан) шыгатын күн.


43 Расында тірілтеміз де өлтіреміз. Сондай-ақ қайтар орын Біз жақ.


44 Сол күні жер жарылып, олар тезінен шыгады. Осы жинау Бізге оңай.


45 (Мұхаммед Ғ.С.) олардың не дегендерін жақсы білеміз. Сен оларға зорлаушы емессің. Кім азаптан қорықса, Құранмен үгіт бер.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға