Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 38 «Сад»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Ұғымын Алла біледі. Үгіт толы Қүранға серт.


2 Әрине қарсы болгандар, дандайсып, тартысуда.


3 Олардан бүрын қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Сонда олар ойбайлады да; бірақ қүтылар заман емес еді.


4 Олар өздерінен бір ескертуші келгеніне таңырқады да қарсы болғандар: "Бүл бір сиқыршы, барып ттрған суайт" деді.


5 "Тәңірлерді бір-ақ тәңір қыла ма? Әрине бүл тым таңғажайып нәрсе."


6 Олардың бастықтары келіп: "Жүріңдер, өз тәңірлеріңде сабыр ете түрыңдар. Сөз жоқ, бүл бір мақсатты нәрсе."


7 "Тіпті бүны біз өзге дінде естіген емеспіз. Бұл мүлде бір жасанды жол."


8 "Арамыздан осыға ғана үгіт түсірілді ме?,- (десті) Олай емес, олар Менің үгітімнен күдіктенуде. Әрине олар азабымды татқан жоқ.


9 (Мұхаммед Ғ.С.) немесе өте үстем, аса жомарт Раббыңньің мәрхаметінің қазынасы олардың қасында ма?


10 Не көктер мен жердің әрі арасындағылардың иелігі олардікі ме? Ендеше, ыңгайын тауып, көтеріліп көрсін.


11 (Олар) мүнда соққы жеген рулардан бір қол.


12 Олардан бүрын Нүх, Ғад елі және салтанат иесі Пергауын да жасынға шығарған еді.


13 Сондай-ақ Сәмүд, Лүт және Әйке халқы да. Міне осы топтар:


14 Барлығы да елшілерді жасынга шығарғандықтарынан, азап лайық болды.


15 Ал енді бүлар да тоқтаусыз бір ғана ащы дауысты күтеді.


16 Олар: "Раббымыз, есеп күнінен бүрын көресімізді тез көрсет" десті.


17 (Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Мықты қтлымыз Дәуіт (Ғ.С.) ті есіңе ал! Өйткені ол, өте бой тсынупш.


18 Рас оган тауларды бағындырдық. Олар онымен бірге іңірде әрі сәскеде Алланы дәріптейтін еді. (21-С. 79-А.)


19 Оган қтсты тобымен бағындырдық. Барлығы Алланы дәріптуші еді.


20 Оның патшалыгын ктшейтіп, оган даналық, сондай-ақ дауға билік айту қабілетін бердік.


21 Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуардан асші бөлмеге юріп келген еді.


22 Олар Дәуіт (Ғ.С) ке кірген сәтте, сонда олардан абыржып қалды. Олар: "Қорықпа, бір-біріне өктемдік еткен екі даушымыз. Арамызга туралықпен билік қыл. Шатаспа да бізді тура жолға сал" деді.


23 "Рас мына туысымның тоқсан тогыз саулығы бар еді де менің бір саулығым бар еді. Сонда да ол, "Оны маған тапсыр" деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді."


24 Дәуіт (Ғ.С.): "Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарыңның тстіне сүраумен саған зүлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болгандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай" деді. Дәуіт (Ғ.С.) шын иәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой үсынды.


25 Сонда оны жарылқадық. Шәксіз оның Біздің қасымызда әлбетте жақындыгы, көркем келешегі бар. (Бұл дауа мәселесі, мысал тшін келтірілген. Б.М.К.Х.)


26 Әй Дәуіт! Сені жер жүзінде иеңгеруші қылдық. Сондықтан адамдардың арасына хақиқатпен ткім ет, ойга ерме. Онда сені Алланың жолынан адастырады. Шәксіз Алланың жолынан адасқандар, есеп күнін үиытулары себепті оларга қатты азап бар.


27 Көк пен жерді әрі екі арасындагыларды босқа жартпадық. Ол қарсы келгендердің ойы. Сондықтан оттан азап болатын қарсы келгендерге не өкініш!


28 Немесе иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, жер жтзіндегі бтзақылардай қыламыз ба?


29 (Мұхаммед Ғ.С.) саған бір мтбарак Кітап түсірдік; аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын.


30 Дәуіт (Ғ.С.) ке Сүлеймен (Ғ.С.) ді бердік. Ол не деген жақсы қүл еді. Рас ол өте бағынышты.


31 Сол уақытта бір кеште Сүлеймен (Ғ.С.) ге сәйгүлік жүйріктер келтірілді


32 "Сөз жоқ, мен Раббымды еске алу үшін атты өте жақсы көремін" деді. Ақыр түлпарлар көзден ғайып болған сәтте:


33 "Оны маған қайтарып әкеліңдер" (деп,) сонда аяқтарын, мойындарын сипай бастады. (Қүран Кәрим түрікше үғымы, Диянат істері Түркия Қүран үгымы. Т-Қ.Пакістан.)


34 Расында Сүлеймен (Ғ.С.) ді сынап тағының үстіне бір дене қойдық. (Б.Ж.М.А.) Сосын ол, тәубе қылды.


35 "Раббым! Мені жарылқа. Маған, менен кейін ешкімге нәсіп болмайтын патшалық бер. Әрине Сен өте жомартсың" деді.


36 Сондықтан қалаған жерге жетуге, бүйрығымен оңай жүретін желді бағындырдық.


37 Әр түрлі қүрылыс жасаушы және сүңгігіш шайтандарды багындырдық. (21-С. 82-А.)


38 Ал басқа біреулері шынжырларда матаулы еді.


39 "Бүл Біздің бергеніміз. Ал енді қалағаныңа бер. Немесе бермей үстап түр, есеп емес. (Ерк өзіңде.)",-(дедік.)


40 Күдіксіз ол үшін қасымызда жақындық әрі көркеи келешегі бар.


41 (Мұхаммед Ғ.С.) қүлымыз Әйүп (Ғ.С.) гі есіңе ал. сол уақьітта Раббына: "Рас мені шайтан бейнет және қинауға үшыратты" деп жалбарынды.


42 Оған: "Аяғыңмен жерді теп. Міне сагаи шомылатын әрі ішетін суық су" (дедік.)


43 (Әйүп Ғ.С. қолынан бала-шага, мал-мүлкі кетіп, құрт ауруға үшыраса да қабақ шытпай сабырмен қүлшылық қыла бергендіктөн, Алланың мәрхаметімен сақайып бұрынғыдан да артық халге келеді. Б.М.К.Р.) Бізден бір иәрхамет сондай-ақ ақыл иелеріне бір тгіт түрінде оған семьясын; олармен бірге бір есе артыгымен бердік. (Әйтп Ғ.С. әйеліне кейіп, жазылсам, жтз дүре соғамын деп ант етеді. Б.Ж.М.Р.)


44 "Қолыңа бір топ ши алып, сонымен бір үр. Сертіңнен қайтпа!" Шынында оны сабырлы көрдік. Ол недеген жақсы қүл. Өйткені ол, өте бойсүнушы.


45 (Мұхаммед Г.С.) қүлымыз Ыбырайым, Ысхақ және Ягқүп (Ғ.С.) ты есіңе ал. Олар мықты да қырағы еді.


46 Расында Біз оларды нағыз ахиретті еске алуға арнадық.


47 Сөз жоқ, олар, қасымызда таңдаулы игі-жақсылардан.


48 (Мұхаммед Р.С.) Ысмайыл, Іляс және Зтлкәфіл (Ғ.С.) ді де есіңе ал. Барлығы жақсылардан еді.


49 БҮЛ бір насихат. Күдіксіз тақуалар үшін тым көркем келешек бар.


50 Олар үшін есіктері ашық Ғадын жаннаттары бар


51 Олар онда жастанып отырады. Ол жерде мол жемістер, сусындар тілейді.


52 Олардың қасында телмірген жасыт қор қыздары бар.


53 Есеп күні үшін сендерге уәде етілгендер осы.


54 Сөзсіз, таусылмас берген несібеміз осы;


55 Я, осы! Ал расында азғындар үшін жаман орын бар:


56 Олардың кірер жерлері тозақ. Сонда нендей жаман орын;


57 Я, осы! Енді олар, қайнар су, ірің татсын!


58 Тағы басқа осы сияқтылардың неше ттрлісі бар.


59 (Қылмыстылардың бастықтарына): "Мына топ, сендермен бірге тозаққа кірушілер" (делінеді. Олар): "Оларға жақсылық жоқ. Олар тозаққа кіреді" (дейді.)


60 Олар: "Олай емес, сендерге жақсылық брлмасын! Бұны бізге сендер келтірдіңдер. Нендей жаман орын" (дер.)


61 Олар: "Раббымыз! Бізге бұны кім келтірген болса, оның тозақтағы азабын неше есе арттыра түс!",- дейді.


62 Олар: "Бізге не болды? Өздерін жамандардан санаған адамдарды көрмейміз ғой" деседі.


63 "Оларды сықаққа алушы едік. Немесе олар көздерімізге түспей ме?"


64 Күдіксіз, міне осы; тозақтықтардың тартысулары бір шындық.


65 (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Шын мәнінде мен бір ескертуші ганамын. Өте өктем бір Алладан басқа ешбір тәңір жоқ" де.


66 "Ол, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы. Тым үстем, аса жарылқаушы..."


67 "Бұл бір ірі хабар" де:


68 "Сендер Одан бет бүрсаңдар."


69 "Жогары әлемдегілердің тартыспаларынан мәліметім жоқ еді."


70 "Шын мәнінде ашық бір ескертуші болгандыгынан гана маған уахи етілуде" (де.)


71 Сол уақытта Раббың, періштелерге: "Мен балшықтан бір адам жаратамын" деген.


72 "Қашан оны жасап, оған ртхымнан трлеген сәтте, оған сәждеге жығылыңдар" (делінді.)


73 Сонда періштелердің бәрі түгел сәжде қылды.


74 Бірақ Ібіліс сәжде етпей тәкаппарланып, қарсылардан болды.


75 (Алла Т.): "Әй Ібіліс! Қүдырет қолыммен жаратқаныма сәжде етуден сені не тосты? Тәкаппарландың ба?",- деді.


76 Ол: "Мен одан артықпын. Өйткені, мені оттан жараттың да оны топырақтан жараттың" деді.


77 (Алла Т.): "Дереу ол жерден шық. Шын мәнінде сен рахметімнен қуылдың" деді.


78 "Шынында қиямет күніне дейін лағынетім саған болсын."


79 Ол: "Раббым, онда қайта тірілетін күнге дейін маған мүрса бер" деді.


80 (Алла Т.): "Рас сен мүрса берілгендерденсің!"


81 "Белгілі бір күнге дейін."


82 Ол: "Үстемдігіңе серт! Әлбетте олардың барлығын аздырамын" деді.


83 "Бірақ олардан ықыласты қүлдарың ғана қалады."


84 (Алла Т.): "Хақиқат осы. Мен хақиқатты айтамын."


85 "Әлбетте тозақты сеніменөн және саған ілескендермен, солардың барлығымен толтырамын."


86 (Мұхаммед Ғ.С.) оларга: "Сендерден оған ақы сүрамаймын. Өз ойымнан шығарушылардан емөспін" де.


87 "Бұл Қүран бүкіл әлем үшін бір насихат!"


88 "Әлбетте оның хабарын бір заманнан кейін түсінесіңдер."




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға