1 Ұғымын Алла біледі.
2 Терең сырлы Қүранға серт.
3 (Мұхаммед Ғ.С.) шәксіз сен анық елшілерденсің.
4 Тура жолдасың.
5 Өте үстем, ерекше мейірімді Алла түсірген (Қүран жолы.)
6 Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуің үшін.
7 Расында олардың көбі зиянына берілген қаулыға лайық болды. Сондықтан олар иман келтірмейді. (2-С. 7-А.)
8 Рас олардың мойындарына боғаулар салдық. Сонда ол. иектеріне дейін; сондықтан олардың бастары кекжиіп қалған. (Бүл бір мысал: Қасарысып, шындыққа бас имейді. Ж.)
9 Олардың арттарьгаан да бөгет алдарынан да бөгет жасап, көздерін қаптадық. Олар көрмейді.
10 (Мұхаммед Ғ.С.) Оларға ескертсең де ескертпесең де бәрі бір. Олар иман келтірмейді.
11 Шын мәнінде сен, үгітге еріп, Рахманды көрмей-ақ қорыққан кісілерге ескерте аласың. Ал оларды жарылқау және қүрметті сыйлықпен қуант!
12 Рас Біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ олардың ілгері жіберген, кейін қалдырган нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық. (Адамның; үйретілген ғылым, жаряланган кітап және жасалған хайыр қүрылыстарының сауабы немесе қалдырган жаман өнегелерінің күнәсы; өлгеннен кейін де ғамал дәптеріне жазылып, отырады. Б.М.К.Р.)
13 (Мұхаммед Ғ.С.) оларға, елшілер келген кент халқын мысал көрсет: (Антақя кенті. Ғиса Ғ.С. ның влшілері. Б.Ж.М.)
14 Оларга екі елші жібердік. Сонда олар екеуін жасынға шыгарды. Үшінші елшімен қуаттадық. Сонда елшілер: "Рас сендерге елшіміз" деді.
15 (Кент халқы): "Сендер біз сияқты гана адамсыңдар. Сендерге Рахман, еш нәрсе жіберген жоқ. Сендер мүлде өтірік айтасыңдар" деді.
16 (Елшілер): "Раббымыз біледі. Расында сендерге елшіміз."
17 "Бізге ашық түрде жалгастыру ғана міндет" деді.
18 Олар: "Расында сендер себепті сәтсіздікке үшырадық. Егер айтқандарыңнан қайтпасаңдар, әлбетте сендерді таспен атқылаймыз. Сондай-ақ сөзсіз сендер бізден жан түршігерлік қинау көресіңдер" деді.
19 (Елшілер): "Сәтсіздіктерің өздеріңмөн бірге. (Өз қылықтарыңнан.) Берілген үгітті ырым қыласыңдар ма? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер" дөді.
20 Қаланың шетінен біреу жүгіріп келіп: "Әй қаумым! Елшілерге ілесіңдер" деді.
21 "Сендерден ақы сүрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура жолда."
22 "Өзімді жаратқанга неге қүлшылық қылмаймын? Және сендер де Соған қайтарыласыңдар."
23 "Одан өзге тәңірлер етіп алайын ба? Мтбада Алла маған зиян келтіргісі келсе, Олардың қолдаулары маған ешбір пайда бермейді де олар мені қүтқара алмайды."
24 "Сөз жоқ, онда мен ашық адасуда боламын."
25 "Күдіксіз Раббыларыңа иман келтірдім. Енді маған қүлақ салыңдар" (дегендігі үшін елі таспен атып өлтіреді. Б.Ж.К.М.Р.)
26 "Жаннатқа кір" делінді де ол: "Әттең! Елім білген болса еді;"
27 "Раббымның мені жарылқап, ардақтылардан еткенін" деді.
28 Одан кейін оның еліне, көктен бір әскер түсірмедік әрі түсіруші де емеспіз.
29 Ол бір ғана дауыс еді. Сонда олар сөніп, жоқ болды.
30 Өздеріне келген елшіні үдайы мазақ қылған қглдарга нендей өкініш!
31 Олардан бүрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еткенімізді; олардың бұларға қайтып келмейтінін көрмей ме?
32 Біртүтас барлығы алдымшга жиналады.
33 Оларға өлі жер; бір белгі. Оны жандандырып, одан дән шығарамыз да сонда олар одан жейді.
34 Сондай-ақ онда қүрмалардан, жүзімдерден бақшалар қылып, онда бастаулар ағыздық.
35 Оның жаратқан өнімінен әрі өздері қолекі істеген нәрселерінен жесін. Сонда да шүкір қылмай ма?
36 Сондай пәк Алла, барльіқ нәрсені жүп-жүбімен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және тағы білмегендерінен болсын.
37 Оларға түн бір белгі. Одан күндізді ажыратамыз. Соида олар, қараңғылықта қалады.
38 Сондай-ақ күн белгіленген көлемінде жүреді. Міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі.
39 Тағы айдың орындарында өлшеп қойдық. Ескі қүрманың қураган бүтағындай болғанға дейін.
40 Күннің айға жетуі мүмкін емес. Және түнде күндізден ілгерлемейді. Әрбірі көкте жүзеді
41 Олардың нәсілдерін толы кемеде (Нұх кемесінде) тасуымыз, олар тшін бір белгі (Б.Ж.К.М.)
42 Әрі олар тшін сол сияқтыдан мінетін көліктер жаратуымыз (да бір белгі.)
43 Қаласақ, оларды суға батырамш. Сонда оларға болысушы да жоқ, олар қүтқарылмайды да.
44 Бірақ Біздің тарапымыздан бір мәрхамет және бір мерзімге дейін пайдалану болады.
45 Қашан оларға: "Алдарыңдагы және арттарыңдағы жағдайлардан сақтаныңдар. Әрине иәрхаметке бөленесіңдер" делінсе;
46 Сондай-ақ оларға Раббыларының белгілерінен бір белгі келсе-ақ олар одан жалтарады.
47 Қашан оларға: "Алланың сендерге берген несібесінен тиісті орынға жтмсаңдар" делінсе, сондай қарсы болғандар: "Алла қаласа, тамақтандыратын біреулерді біз тамақтандырамыз ба? Сендер итлде адаскансыңдар" деді.
48 Олар: "Егер шын айтсаңдар, Бұл құқайларың қашан?" дейді.
49 Олар таласып тұрғанда, оларды қолға алатын бір-ақ ащы дауыс күтіп ттрады.
50 Сонда олар өсиет айталмайды да тйлеріне де қайта алмайды.
51 Сүр үрілсе, сонда олар қабырларынан Раббыларына жтгіреді:
52 "Әттең-ай, бізді жатқан жерімізден кім ттрғызды?",-дейді. "Міне мейірімді Алланың уәдесі.Пайғамбар да шын айтқан" (делінеді.)
53 Бір ғана айғай болады да сонда тттас алдымызға әзір болады.
54 Ал енді бтгін ешкімге зұлымдық етілмейді. Сондай-ақ істегендеріңнің ғана бодауын көрөсіңдер.
55 Расында жаннаттықтар, ол күні зауықты штғылдануда болады.
56 Олар да жүбайлары да көлеңкелердегі дивандарға жастанған түрде болады.
57 Олар тшін онда жемістөр және өздеріне не тілегендері бар.
58 Ерекше мейірімді Раббыларынан оларга: "Сәлем" сөзі боладьі.
59 "Әй күнәкарлар! Бүгін араны ашыңдар!"
60 Әй адам баласы! Сендерге: "Шайтанға табынбаңцар. Әрине ол, өздеріңе ашық дүшпан" деп, серт бермедім бе?
61 "Маған қүлшылық қылыңдар. Тура жол осы!"
62 Расында ол, сендерден көптеген топты адастырды. Сонда да түсінбейсіңдер ме?
63 Сендерге уәде етілген тозақ осы.
64 ҚарсьІ келулерің себепті бүгін оган кіріңдер.
65 (Олар қылмыстарынан тангандықтан. Б.Ж.М.К.Р) Ол күні олардың ауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп, не істегендеріне аяқтары айғак болады. (24-С. 24-А. 41-С. 20-А)
66 Мүбада қаласақ, олардың көздерін мүлде соқыр қылар едік те сонда олар жол іздесе, қайтып көрер еді?
67 Егер қаласақ, олардың мекендерінде әлбетте бейнелерін өзгертер едік. Сонда олар ілгері де кейін де кете алмас еді.
68 Әлде кімге өмір берсек, жаратылыста оны қайта бастырамыз. Олар түсінбөй мө? (16-С. 70-А. 30-С. 54-А.)
69 (Мұхаммед Ғ.С. га) өлең үйретпедік әрі оган ол, лайық емес. Ол, бір үгіт және ашық Қүран гана: (26-С. 224-А.)
70 Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарга байланысты сөз шынға пгағу үшін.
71 Олар үшін рас қүдыретімізпен хайуандарды жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ өздері оларға иелік етеді.
72 Малды, оларға бойсұндырдық. Олар кейіне мінеді, кейінің етін жейді.
73 Олар үшін малдарда түрлі пайдалар, сусындар бар. Сонда олар шүкірлік қылмай ма? (16-С. 80-А)
74 Олар Алладан өзге тәңірлер жасап алып, олардан көмек көретіндіктерін үміт өтеді.
75 Олар (бүттар), оларга көмек ете алмайды. Олардың өздері ол бүттарды қорғау үшін әзір әскер.
76 (Мұхаммед Ғ.С) олардың сөздері сені кейітпесін. Әрине Біз олардың көрнеулерін де көместерін де білеміз.
77 Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме? Сонда да ашық қиқарлық істейді.
78 Олар өз жаратылысын үмытып, Бізге мысал берді: "Міне шіріген сүйектерді кім тірілтеді?",- деді.
79 (Мұхаммед Ғ.С.): "Оны, сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол, барлық жаратылысты біледі" де.
80 Ол сондай Алла, сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Сол уақытта сендер оны жағасыңдар. (Марых, Ғафар деп аталатын екі жасыл ағаш. Бір-біріне үйкелсе жанады. Б.Ж.М.К.Р.)
81 Сондай көктер мен жерді жаратқан Алла, олар сияқтыны жаратуға ктші жетпей ме? Әлбетте күші жетеді. Ол, әр нәрсені жаратушы, толық білуші.
82 Шын мәнінде Ол, бір істің болуын қаласа, Оның бүйырыгы оған "бол" деу, сонда ол бола қалады.
83 Барлық нәрсенің билігі қолында болган әрі сендер Соған қайтарылатын Алла; кемшіліктен пәк.