Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 30 «Рүм»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Ұғымын Алла біледі.


2 Рұм жеңілді.


3 Ең жақын жерде олар жеңілгеннен кейін жедел жеңіске ие болады.


4 Бірнеше жылдың ішінде. Іс бұрын да кейін де Алланың еркінде. Сол күні мтиіндер де қош болады. (Сол күндерде Мтсылмандар Бәдірде жеңіске ие болады...)


5 Алланың жәрдемімен. Ол, кімді қаласа, жәрдем етеді. Ол аса үстем, ерекше мейірімді.


6 Бұл Алланың уәдесі. Алла уәдесінен айнымайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбвйді.


7 Олар Дүние тіршілігінен көрініп түрғанын біледі де өздері ахиреттен кәперсіз.


8 Алла (Т.) Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындықпен белгілі бір мерзім үшін жаратты. Өздері жайында ойламай ма? Шынында адамдардың көбі Раббыларына жолыгуға қарсы көледі.


9 Олар жөр жүзінде кезіп, өздеріне бгрынғылардың соңының не болғанын көрмей ие? Негізінен олар, бұлардан күштірек еді де олар, жерді қопарып, олар оны; бұлардың дамытуынан көрі көбірек дамытқан еді. Оларға ашық дәлелдер мен елшілер де келген еді. Сонда Алла, Оларға зұлымдық еткен емес. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті.


10 Сосын жамандық істегендердің соңы; Алланың аяттарын жасынға шығарып, оны мазақ қылгандықтары үшін жаман болды.


11 Алла (Т.) баста жаратады да сосын қайтаратын да өзі. Және Ол жаққа қайтарыласыңдар.


12 Қиямет-қайым болған күні күнәкарлар күдер үзеді.


13 Оларға, Аллаға қосқан ортақтарынан шапағатшы болмайды да өздері ортақтарына қарсы шығады.


14 Қиямет-қайым болған күні, сол күні; (Кәпір, Мүсылман) айрылады. (36-С. 59-А.)


15 Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер; бір бақшада сыйланады.


16 Ал енді сондай қарсы келіп, ахиретте Маған жолығуды жасынға шығаргандар, міне солар; тозаққа әзір түрде қойылады.


17 Ендеше түнеген мезгілде әрі таң атырған уақытта Алланы пәктеңдер. (Ттнгі, таңгы намаз.)


18 Көктер мен жерде, кешке және түскі уақытқа кіргенде, барлық мақтау Аллаға лайық. (Түскі, кешкі намаздар.)


19 Ол, өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарады да жерді өлгеннен кейін жандандырады. Сол сияқты сендер де (қабырдан) шығарыласыңцар.


20 Оның белгілерінен бірі; сендерді топырақтан жаратуы. Сосын сендер адам болып, таркаласыңдар. (Өсіп, өнесіңдер.)


21 Сендерге, оган тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа стйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар.


22 Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің түстеріңнің, қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар.


23 Күндіз-түнде тйықтауларың, сондай-ақ Алланың кеңшілігін іздеулерін де, Оның белгілерінен. Күдіксіз бұларда тыңдаған қауым үшін белгілер бар.


24 Сендерге үрейлену, дәмету түрінде нажагайды көрсетуі, көктен жаңбыр жаудырші онымен өлгеннен кейін жерді жандандыруы да Оның белгілерінен. Рас бұлар да ақыл жтисаған халыққа үлгілер бар.


25 Көк пен жердің Оның әмірінде тұруы да Оның белгілерінен. Сосын сендерді жерден бір шақырумен шақырған сәтте, дереу сендер шыға келесіңдер.


26 Көктер мен жердегі әркім Онікі. Тттас Оган бой тсынады.


27 Сол, сондай жоқтан бар етіп, сосын қайта жаратады. БҰЛ Оган оңай. Әрі көктер мен жердегі жоғары сипат Оған тән. Ол өте үстем, хикмет иесі.


28 Ол, сендерге өздеріңнен мысал келтіреді: Сендерге Біз берген несібе де қол астарыңдағы құлдар да сендер мен тең ортақ болып, олардан өздеріңнен жасқанғандай жасқанасыңдар ма? Осылайша аяттарымызды ақыл жүмсаган елге егжей-тегжейлі баян етеміз.


29 Әрине залымдар, білмесе де көңілдері тартқан жаққа кеткен. Алла адастырған кісіге кім тура жол көрсетеді. Сондай-ақ оларға ешбір жәрдемші жоқ.


30 (Мұхаммед Ғ.С.) бәрінен бет бұрып, жүзінді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы түп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. (15-С. 56-А.)


31 Аллаға бой ұсынган түрде Одан қорқа отырып, намазды орындаңдар. Әрі ортақ қосушылардан болмаңдар.


32 Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларьгаа мәз болғандар.


33 Қашан адам баласына бір бейнет жетсе, олар Раббыларына ықыласпен жалбарынады. Сосын Алла, қашан оған өз тарапынан бір мәрхамет таттырса, сонда олардың кейбіреулері, Раббыларына ортақ қосады.


34 Бұны, оларға берген несібемізге нәсткірлік ету үшін істейді. Я енді пайдалана түрыңдар, таяуда түсінерсіңдер.


35 Немесе оларға, Аллаға ортақ қатуларын айтатын бір дәлел түсірдік пө?


36 Қашан адам баласына бір жақсылық татырсақ; сонда ол, оған мәз болады да егер өздерінің қолекі істегендерінің салдарынан бір жамандық келсе, сонда олар күдер үзеді.


37 Расында Алла қалаган қтлына несібесін кеңітіп, тарайтқанын көрмей ме? Кгдіксіз бұнда сенген қауымға белгілер бар.


38 Ендеше жақындарға, міскіндерге жолда қалғандарға хақысын бер. Алланың ризалығын көксегендер үшін осы жақсы. Міне солар қүтылушылар.


39 Сендердің адамдардың малына берген өсімдерің Алланың қасында өспейді де Алланың ризалығын тілеп берген зекеттерің өседі. Ал сонда, міне солар; артықша сауапқа бөленушілер.


40 Ол Алла, сендерді жаратып, сосын ризық береді, одан кейін өлтіреді, соңыра тірілтеді. Ал сендердің Аллаға қосқан ортақтарыңнан, осылардан бір нәрсе істейтін кім? Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк әрі жоғары.


41 Адамдардың қолекі істегендерінің кейбірінің сазайын татыру үшін қүрылықта әрі теңізде бүзықтық шықты. Мүмкін олар, бағыттарынан қайтар.


42 (Мұхаммед Ғ.С.): "Жер жүзінде кезіңдер де бұрынгылардың соңы не болды көріңдер" де. Олардың көбі Аллаға серік қосушы еді.


43 Алладан тойтарылмайтын күн келуден бұрын жүзіңді түп-тура дінге жөнелтіп, мықты түр. Ол югні олар айрылады. (36-С. 59-А.)


44 Кім қарсы болса, қарсылығы өзіне. Ал және кім түзу іс істесе, сонда ол өзі үшін рахат орын әзірлеген болды;


45 Өстіп Алла иман келтіріп, түзу іс істегендерге өз кеңшілігінен сыйлық береді. Рас Ол, қарсы келгендерді жақсы көрмейді.


46 Сендерге игілік татыру үшін қуантушы самалдар жіберуі , кеңшілігінен несібе іздеулерің үшін өз әмірімен кемені жүргізуі Оның белгілерінен. Әрине шүкір етерсіңдер.


47 Әрине сенен бұрын да олардың елдеріне елшілер жібердік; Оларға дәлелдер келтірді. Сонда олардың күнәкарларының сазайын тарттырдық. Сондай-ақ мүміндерге жәрдем ету бізге міндет.


48 Ол сондай Алла, желдерді жібереді де Бұлттарды жүргізіп, оны қалауы бойынша аспанда жаяды. Және Бұлтты бөлшектейді. Сонда оның араларынан жаңбырдың шыққанын көресің. Сонда ол, жаңбырды құлдарынан қалағанына жеткізеді. Сол уақытта олар қуанышқа ие болады.


49 Негінен олар өздеріне жаңбыр келуден бұрын әлде қашан күдер үзген болатын.


50 Алланың рахметінің әсерлеріне қара. Жер жүзі өлгеннен кейін оны қалай жандандырды. Рас Ол, өлілерді тірілтеді, Оның әр нәрсеге күші толық жетеді.


51 Әлбетте бір жел жіберсек те сонда егіннің сарғайғанын көрсе, әрине олар, одан кейін қарсы шығады. (Апатқа сабыр етпейді.)


52 (Мұхаммед Г.С.) рас сен өліктерге естірте алмайсың. Сондай-ақ бет бүрып, кетіп бара жатқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың.


53 Соқырды да адасқан жағынан тура жолга сала алмайсың. Аяттарымызға иман келтіріп өздері бой ұсынған кісілерге ғана естірте аласың.


54 Ол сондай Алла; сендерді әлсіз жаратып, сосын әлсіздіктен кейін күш беріп, сосын күштен кейін нашарлатып, кәртейтті. Ол, қалағанын жаратады. Сондай-ақ Ол, аса естуші, тым күшті.


55 Қиямет-қайым болатын күні, күнәкарлар, (өлгеннен қияметкө дөйін) бір сагаттан басқа түрмадық деп, ант ішеді. Осылайша олар, (дүниеде де алданып,) адасқан еді.


56 Ал ғылым және иман берілгендер: "Расында Алланың жазуындагы тірілетін күнге дейін түрдыңдар, тірілетін күн осы. Бірақ сендер білмейтін едіңдер" дейді.


57 Енді сол күні, зұлымдық қылғандардың сылтаулары пайда бермейді. Олардан бір игілікте күтілмейді.


58 Расында Бұл Құранда адам баласы үшін әр түрлі мысал бердік. Оларға бір белгі келтірсең де қарсы келгендер: "Сендер бүзушы ганасыңдар" дейді.


59 Осылайша Алла, білмегендердің жүректерін бітейді.


60 (Мұхаммед Ғ.С.) енді сабыр ет. Алланьің уәдесі хақ. Сенбегендер сені оңай көрмесін.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға