Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 29 «Ғанкәбүт»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Ұғымын Алла біледі.


2 Адамдар: "Сендік" деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма?


3 Рас олардан бұрынгыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі.


4 Немесе жамандық істегендер, Бізден қашып қүтыламыз деп, ойлай ма? Олар нендей жаман үкім береді!


5 Кім Аллаға жолыгуды үміттенсе, әрине Алланың белгілі мезгілі келеді. Ол, аса естуші, толық білуші.


6 Біреу игілік үшін күрессе, сөзсіз өзі үшін күреседі. Әрине Алла, әлемнен бай.


7 Сондай ииан келтіріп, ізгі іс істегендердің жамандықтарын әлбетте жояиыз да өздерін істегендерінен көрі жақсырақ сыйлыққа бөлейміз.


8 Адам баласына әке-шешесіне жақсилық қылуды нтсқадық. Егер екеуі саған білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуыңа тырысса, онда ол екеуіне бағынба. Қайтар жерің Мен жақ. Сол уақытта сендерге не істегендеріңді түсіндіремін.


9 Ал иман келтіріп, ізгі іс істегендерді игілерге қосамыз.


10 Адамдардың кейбірі: "Аллаға иман келтірдік" дейді де олар Алла жолында жапа тартса, адамдардың кесірін, Алланың азабындай көреді. Әлбетте Раббыңнан бір нүсырат келетін болса: "Әрине біз сендермен бірге едік" дейді. Алла әлемдегілердің көңілдеріндегіні жақсы біледі емес пе?


11 Әлбетте Алла иман келтіргендерді де біледі. Әрине мүнафықтарды да біледі.


12 Сондай кәпірлер, иман келтіргендерге: "Біздіқ жолымызға ілесіңдер, қателіктеріңді біз көтерейік" деді. Негізінен олар, бұлардың күнәларынан еш нәрсе көтеруші емес. Расында олар суайт.


13 Әрине олар, өз жүктерін де онымен бірге басқа жүктер де көтереді. Әлбетте олар қиямет күні, жасама істерінен сұраққа тартылады.


14 Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда олардың ішінде тоғыз жүз елу жыл түрды. Сол уақытта оларды топан басып алды, олар; залым еді.


15 Оны және кемедегі жолдастарын құтқарып, ол уақиғаны әлемдерге ғибрат қылдық.


16 Ыбырайым (Ғ.С.) ды да. Сол уақытта еліне: "Аллаға қүлшылық қылыңдар да Одан қорқыңдар. Егер білсеңдер, оларың сендер үшін хайырлы" деді.


17 "Алладан өзге табынғандарың, сендерге ризык бере алмайды. Онда ризықты Алланың қасынан іздеңдер. Оган құлшылық қылыңдар да Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар."


18 "Егер сендер жасынға шығарсаңцар, расында бгрынғы тмметтер де жасынға айналдырған. Пайғамбардың міндеті ашық жалғастыру ғана."


19 Олар көрмеді ме? Алла жаратуды қалай бастайды, сосын оны қайтарады. Расында Бұл Аллаға оңай.


20 (Мұхаммед Ғ.С.): "Жер жүзінде кезіңдер де жаратуды қалай бастап, сосын екінші жасауды да жасайды. Көріңдер! Расында Алланың әр нәрсеге күші жетеді" де.


21 Кімді қаласа, азап қылады да кімді қаласа, мәрхамет етеді. Сондай-ақ Сол жаққа бүрыласыңдар.


22 Сендер жерде де көкте де Алланы әлсірете алмайсыңдар. Сондай-ақ сендерге Алладан өзге не дос не жәрдемші жоқ.


23 Сондай Алланың аяттарына әрі өзіне қауьппуга қарсы келгендер; міне солар, рахметімнен күдер үзді. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар.


24 Сонда елінің жауабы: "Ыбырайыиды өлііріңдер немеое оны өртеңдер" деу ғана болды. Алла оны оттан қттқарды. Сөз жоқ, бтнда сенген елге рибраттар бар.


25 (Ыбырайым Ғ.С.): "Шын мәнінде сендер Дүние тіршілігінде өзара достық үшін Алладан өзге бтттар жасап алдыңдар. Сосын қиямет күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қаргайсыңдар да орындарың тозақ больіп, сендерге ешбір жәрдемші болмайды" деді.


26 Сонда Лұт (Ғ.С) оған иман келтірді. (Ыбырайым Ғ.С.): "Шын мәнінде мен Раббым жаққа жөнелемін. Ктдіксіз Ол, үстем, хикмет иесі" деді.


27 Оган Ысхақты, Ягқтпты бердік те оның ұрпақтарына кітап, пайғамбарлық мәрхаиет еттік. Әрі өзіне Дүние сыйлығын бердік. Әрине ол, ахиретте де ізгілерден.


28 Лұт (Ғ.С.) қа да (Пайғамбарлық бердік.) Сол уакытта еліне: "Рас өздеріңнен бұрын әлемде ешкіи істемеген арсыздықты істедіңдер" деді.


29 "Рас сендер еркектерге жақындасасыңдар да жол кесіп, және мәжілістеріңде жамандық істейсіңдер ме?" (27-С. 54-А.) Сонда елінің жауабы: "Егер шыншылдардан болсаң, қане бізге Алланың азабын келтірші" дегеннен басқа болмады.


30 (Лұт Ғ.С.); "Раббым! Бгзақы елге қарсы маған жәрдем бере көр!",- деді.


31 Елшілеріміз (періштелер), Ыбырайым (Ғ.С.) га штйіншімен келген сәтте: "Осы халқы залым болған кентті рас жоқ етеміз" десті.


32 (Ыбырайым Ғ.С.): "Әрине онда Лұт та бар" деді. (Елшілер): "Ол жерде кімнің болғанын жақсы білеміз; кейін қалушылардан болатын қатынынан басқа өзін де тй-ішін де әлбетте қттқарамыз" деді.


33 Елшілеріміз Лұт (Ғ.С.) қа келген сәтте, олардың салдарынан қынжылып, көңлі тарайды. (Періштелер; көркем жас жігіттер стретінде еді. Б.Ж.Р.) Олар: "Қорықпа да кейіме. Сөз жоқ, кейін қалушылардан болатын жүбайыңнан басқа өзіңді де семьяңды да құтқарамыз" деді.


34 "Бұл кент халқына бүзықтықтарының салдарынан көктен пәле жаудырамыз."


35 Расында ойлаган елге; одан ашық өнеге қалдырдық.


36 Мәдянға туыстары Шұғайып (Ғ.С.) ты жібердік те: "Әй елім! •Аллаға қүлшылық қылыңдар да ахирет күнінен үміт етіңдер. Жер жүзінде бұзақылық істеп, жүрмеңдер" деді.


37 Сонда елі оны жасынға шығарды. Сондықтан жер қатты сілкініп, жұрттарында типыл болды.


38 Сондай-ақ Ғад, Сәмүд (елі де жоқ болған). Расында сендерге олардың жұрттарынан-ақ байқалады. Шайтан олардың қылықтарын әдемі көрсетіп, оларды жолдан тосты; олар көріп, біліп түрса да.


39 Қарүн, Перғауын және Ћаианды да (жоқ еттік.) Расында Мұса (Ғ.С.) оларға апшқ белгілер келтірген еді де олар жер жүзінде дандайсыған еді. Сонда да олар қашып қттыла алмады.


40 Олардың күнәларының салдарынан кейбіреулерін; тстіне тас жаудырып, кейбіреулерін; ащы дауыспен, кейбірлерін; жерге жтттырып және кейбіреулерін де суға батырып, бәрін қолга алдық. Алла Оларға зұлымдық етпеді. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті.


41 Алладан өзгені ие етіп алгандар; ұя жасап алған өрмекшінің мысалы сияқты: Шын мәнінде тйлердің ең осалы өрмекшінің ұясы. Егер олар білетін болса.


42 Сөз жоқ, Алла (Т.) олардың өзінен өзге кімге жалбарынғанын біледі. Ол, өте үстем, хикмет иесі.


43 Міне осы мысалдарды адаидар үшін көлтіреміз. Бірақ оларды білгендер ғана түсінеді.


44 Алла көктер мен жерді хақиқат бойынша жаратты. Расында бұнда иман келтіргендер үшін бір дәлел бар.


45 (Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз; арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине Алланы еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Алла (Т.) не жасагандарыңды біледі.


46 Іштеріндегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. (Сыпайы, дәлелді түрде қанағаттандырыңдар.) Оларға: "Бізге түсірілгенге де сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Тәңіріміз де сендердің Тәңірлерің де біреу-ақ. Біз Оған бой ұсынғандармыз" деңдер.


47 (Мұхаммед Ғ.С.) осылайша саған Кітап түсірдік. Сондықтан өздеріне кітап бергендеріміз оған сенеді. Және осылар (араптар) дан да оған сенетіндер бар. Аяттарымызға кәпірлер ғана қарсы келеді.


48 Сен бүдан бұрын бір кітап оқыиаған едің де оны қолың мен жазбаған едің. Егер ондай болса еді, әрине бүзықтар; күдіктенер еді.


49 Олай емес. Негізінде Құран, өздеріне ғылым берілгендердің көңілдерінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы келеді.


50 Олар: "Оған Раббынан неге мұғжизалар түсірілмейді?",- десті. "Мұғжизалар; Алланың ғана жанында. Шын мәнінде мен ашық ескертуші ганамын" де.


51 Әрине оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз өздеріне жетіп аспай ма? (Одан артық мүгжиза бола ма?) Сөз жоқ. Құранда, иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар.


52 Алла, мені мен сендердің арамызда куәлікте жеткілікті. Өйткені Ол, көктердегі әрі жердегі нәрселерді біледі. Сондай бос нәрсөлерге сеніп, Аллаға қарсы келгендер, міне солар; зиянга үшыраушылар.


53 (Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен азапты тездетіп тілейді. Егер мерзім белгіленген болмаса, әлбетте оларға апат келер еді. Әрине, олар сезбеген түрде азап келеді.


54 Олар, өзіңнен апаттың жедел келуін сұрайды. Сөз жоқ! Тозақ кәпірлерді әрине орап алады.


55 Сол күні апат, оларды төбелерінің тстінен де аяқтарының астынан да қоршап алады да: "Қылықтарыңның дәмін татыңдар" дейді.


56 Әй иман келтірген құлдарым! Әрине жерім кең. Сондықтан Маған гана ғибадат қылыңдар.


57 Әрбір жан иесі өлімді татады. Сосын Біз жаққа қайтарылады.


58 Иман келтіріп, ізгі іс істегендер, әлбетте оларды жаннаттың астынан өзендер ағатын жоғарғы орындарына орналастырамыз да олар онда мәңгі қалады. Ғамал істеушілердің сыйлығы нендей әйбет.


59 Сондай сабыр етіп, Раббыларына тәуекел етеді.


60 Қаншалаған жан-жаныуар бар; көрегін көтеріп жүрмейді. Алла (Т) оларды да сендерді де көректендіреді. Ол тым естуші, білуші.


61 Егер олардан: "Көктер мен жерді кім жаратты және күн мен айды кім іске қосты?",- деп сұрасаң, әлбетте: "Алла" дейді. Сонда олар қайда лағып барады.


62 Алла қтлдарынан кімді қаласа, несібесін кеңітеді де тарылтады. Ктдіксіз Алла әр нәрсені толық біледі.


63 Ал егер олардан: "Көктен жаңбыр жаудырып, онымен жерді өлімнен кейін жандандырған кім?",-деп страсаң, әлбетте: "Алла" дейді. (Мұхаммед Ғ.С.): "Барлық мақтау Аллаға лайық" де. Бірақ олардың көбі түсінбейді.


64 Бұл Дүние тіршілігі бір ойъшшық, ермек ғана. Ктдіксіз ахирет жтрты анық тіршілік. Әттең! Олар білсе.


65 Қашан олар кемегө отырса, дінін Аллаға арнаған түрде жалбарынады да, оларды қттқарып қырға шығарса, сол уақытта олар; Аллаға серік қосады.


66 Өздеріне берген нәрселерімізге қарсы бола түрсын әрі олар пайдалана түрсын. Бірақ жедел олар біледі.


67 (Мекке халқы) иаңындагы адаидар қағып әкетілш түрганда, Меккені ардақты және бейбіт орын еткенімізді кермеді ме? Сонда бос нәрсеге сеніп Алланың нығметіне нәсткірлік қыла ма?


68 Аллаға жасанды жала жапқаннан немесе келген шьгадыққа қарсы болғаннан залым бар ма? Кәпірлердің орны тозақ емес пе?


69 Сондай жолымызда ктрескендерді әлбетте тура жолдарыиызға саламыз. Рас Алла жақсылық істеупгілермен бірге.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға