Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 51 «Зәрят»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Соғып үшырушы желдерге,


2 Мол жаңбыр көтеруші бүлттарга,


3 Жеңіл жүруші кемелерге,


4 Істі бөлуші періштелерге серт!


5 Шын мәнінде сендерге уәде етілген қиямет әрине рас.


6 Әлбетте қиямет болады.


7 Жолдары бар аспанға серт!


8 Қүмәнсыз сендер талас-тартыс сөздесіңдер.


9 Шындықтан бүрылған бүрылады.


10 Ой жорушылар қүрысын.


11 Міне солар, білімсіздік ішінде жаңылуда.


12 Олар: "Қиямет қашан" деп сүрайды.


13 Ол, олардық отқа жагылатын күні.


14 Оларға: "Азаптарыңды татыңдар! Асыгып, тілегендерің осы" (делінеді.)


15 Шәксіз тақуалар бақшаларда, бүлақтарда болады.


16 Олар, өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар, бүдан бүрын жақсылық істеуші еді.


17 Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді.


18 Олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді.


19 Олардың малдарында; сүрағанға да сүрамағанға да тиесі бар.


20 Жер жүзінде нак сенушілерге дәлелдер бар;


21 Сондай-ақ өздеріқде де бар. Көрмейсіңдер ме?


22 Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер көкте.


23 Көк пен жердің Раббына серт. Штбәсыз бүл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас. (Бір-біріңе сөйлеген сөздерің қандай рас болса, сондай рас.)


24 (Мұхаммед Ғ.С.) саган Ыбырайым (Ғ.С.) нық ардақты қонақтарының (періштелердің) әңгімесі келді ме?


25 Олар Ыбырайым (Ғ.С.) га кіргенде: "Сәлем" десті. Ыбырайым (Ғ.С.) да оларға: "Сәлем, бөгде қауым" деді. (11-С. 69-А., 15-С. 50-А.)


26 Дереу үйіне барып, семіз бір бүзау әкелді.


27 Оны оларға жақындатып: "Жемейсіңдер ме?",-деді.


28 Олардан гіксініп, қорықты. Олар: "Қорықпа!",- деді де оны білгіш бір үлмен куантты.


29 Сонда Ібырайым (Ғ.С.) ның жүбайы, алдына ойбайлап келіп, өз бетін үрды да: "Баладан қалған бір кемпірмін" деді.


30 Олар: "Осылайша Раббың бүйырды. Өйткені Ол, аса дана, толық білуші" десті.


31 (Ыбырайым Ғ.С.): "Әй елшілер! Бүйымтайларың не?",- деді.


32 "Шынында біз қылмысты бір елге жіберілдік."


33 "Оларга балшықтан пісірілген тас жаудыру үшін!"


34 "Раббық тарапынан, шектен шығушылар тшін белгіленген" (деді.)


35 Ол жерден мүміндерді шығардық.


36 Дегенмен ол жерде Мтсылманнан бір үйден басқа таппадық. (Лүт Ғ.С. мен екі қызы. Ж.) (29-С. 30-А.)


37 Ол арада күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін бір ғибрат қалдырдық.


38 Мүсада да (ғибрат) бар. Оны ашық мүғжизалармен жіберген уақытта:


39 Пергауын сыбайластарымен теріс айналып: "Жады немесе жынды" деді.


40 Сондықтан оны әрі ләшкерлерін қолга алып, оны өзіне сөгіс бергөн түрде теңізге тастадық.


41 Ғад елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларга зиянды қатты дауыл жібердік;


42 Ол, тиген нәрсесін мүлде шіріген сүйектей етіп тастайды.


43 Сәмүд елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға: "Бір мерзімге дейін пайдалана түрыңдар" делінді.


44 Сонда олар , Раббыларының әміріне қарсы келді. Сондықтан олар, қарап түрганда нажағай түсті.


45 Сонда олардың түруга да шамалары келмеді әрі жәрдем де көрмеді.


46 Бүрын Нүх (Ғ.С.) елін жоқ еттік. Өйткені олар, бүзақы ел еді.


47 Аспанды қүдыретімізбен жасадық. Шын мәнінде күшіміз жетеді.


48 Сондай-ақ жерді төседік. Недеген жақсы төсеушіміз.


49 Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық. (36-С. 36-А.)


50 (Мұхаммед Ғ.С. оларға): "Алла жаққа жүгіріңдер. Сөзсіз мен, Оның тарапынан сендерге ашық ескертушімін" (де.)


51 "Алламен бірге басқа тәңір қылмаңдар. Шын иәнінде сендерге ашық өскертушімін" (де.)


52 Міне осылайша олардан бүрынгылар да пайғамбар келгенде, оларды: "Мүлде жады немесе жынды" деген.


53 Олар бтл жөнде өзара келіскен бе? Жоқ, олар шектен шыққан қауым.


54 (Мұхаммед Ғ.С.) олардан бет бүр. Сонда сөгіске үшырамайсың.


55 Үгітте! Өйткені тгіт мүміндерге пайда береді.


56 Жын мен адамзатты өзіме қглшылық қылулары тшін гана жараттым.


57 Олардан бір несібе тілемеймін әрі олардың Мені тамақтандыруларын да қаламаймын.


58 Штбәсыз Ол Алла, ризықтандырушы және мықты күшке ие.


59 Сөз жоқ. Сондай зүлымдық қылғандардың, жолдастарының күнәлары тәрізді күнәлары бар. Сондықтан Менен асығып тілемесін.


60 Өздеріне уәде етілген күнге қарсы келгендерге нендей өкініш!




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға