Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 47 «Мұхаммед»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Сондай қарсы болып, Алланың жолынан тосқандардың, Алла гамалдарын босқа жібереді.


2 Ал иман келтіріп, ізгі іс істегендердің сондай-ақ Мұхаммед (Ғ.С.) ке Раббы тарапынан ол шындықпен ттсірілгенге иман келтіргендердің Алла, жамандықтарын жойып, жағдайларын ттзелтті.


3 Бұның себебі: Шынайы қарсы болғандардың бос нәрсеге ілесіп анық иман келтіргендердің Раббыларынан келген хақиқатка ілескендіктері. Осылайша Алла адам баласына өз мысалдарын келтіреді.


4 Соғыста кәпірлермен кездессеңдер, мойындарына шабыңдар; оларды жаныштағанға дейін. Сонда берік байлаңдар (тұтқынға алыңдар) да сосын қамқорлық қылып (қоя беріңдер.) Немесе бодау алыңдар; Соғыс қүралдарын қойганға дейін (сөйтіңдер.) (2-С. 193-А.) Егер Алла қаласа, олардан өш алар еді. Бірақ біріңді-бірің арқылы сынау үшін. Сондай Алла жолында өлтірілгендер болса, Алла олардың гамалдарын әсте зая қылмайды.


5 Оларды тура жолға салып жағдайларын түзелтеді.


6 Оларды өздеріне таныстырылған жаннатқа кіргізеді.


7 Әй мүміндер! Егер Аллаға (дініне) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді.


8 Сондай қарсы келгендерге келсек, олар жанышталсын. Алла олардың ғамалдарын зая қылды.


9 БҮНЫҢ себебі: Шынында олар Алланың түсірген нәрсесін жек көрді. Сондықтан Алла олардың ғамалдарын жойды.


10 Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бүрынғылардың соңдарының қалай болғаның көрмей ме? Алла оларды талқандаган. Кәпірлер үшін сол тәрізді болады.


11 Өйткені Алла, иман келтіргендердің иесі. Шынында кәпірлердің иесі жоқ.


12 Шәксіз Алла иман келтіріп, ізгі іс істегендерді астарынан өзендер агатын жаннатқа кіргізеді. Ал қарсы болгандар, (дүние тіршілігінен аз ғана) пайдаланып, хайуандар тәрізді жей береді. Олардың орны тозақ оты.


13 (Мұхаммед Ғ.С.) сені шығарған кентіңнен тагы күшті қаншалаған кентті жоқ еттіқ. Сонда оларга болысушы болмады.


14 Ал сонда Раббы тарапынан ашық дәлелде болған біреу, өзіне жаман ғамалы әдемі көрсетіліп, әуестеріне ерген біреумен тең бе?


15 Сондай тақуаларға уәде етілген жаннаттың мысалы: Онда еш бүзылмайтын өзен сулар, дәмі өзгермейтін сүттен өзендер, ішушілерге дәмді арақтан өзендер (37-С. 45-47-А., 56-С. 19-А.) және балдан өзендер, сондай-ақ онда оларға әр түрлі жеміс әрі Раббыларынан жарылқау бар; (бүлар,) тозақта мәңгі қалып, қайнар су ішкізіліп, ішектері туралған біреумен тең бе?


16 Олардың ішінен саган қүлақ асқандар да жоқ емес. Ақыр қасыңнан шыққан кезде, өздеріне ғылым берілгендерден: "Әзір не айтты?",- деп сүрайды. Міне бүлар, Алла, жүректерін бітеп қойған, әуестеріне ергендер.


17 Ал сондай тура жол тапқандар, Алла, олардың туралықтарын арттыра түсіп, оларға тақуалық береді.


18 Олар қиямет мезгілінің өздеріне кенеттен келуін гана күте ме? Расында оның белгілері келді ғой. Қиямет келіп болғанда, үгіт алулары неге жарайды?


19 (Мұхаммед Ғ.С.) енді біл! Шын иәнінде Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Өзіңнің әрі мүмін ер, әйелдердің күнәларының жарылқануын тіле! Алла, айналған әрі түрақтаған жерлеріңді біледі.


20 Иман келтіргендер: "Бір сүре неге ттсірілмейді?",- дейді. Ішінде согыс баян етілген, ашық түсінікті бір сүре түсірілген кезде, (Мұхаммед Ғ.С.) жүректерінде дерті барлардың, саған; өзін өлім есірігі басқанның қарауынша қарағанын көресің. Оларга өлім артық.


21 Бой үсыну және дүрыс сөз керек еді. Іс бекіген сәтте, егер Аллаға опа қылса, әрине олар үшін хайырлы болар еді.


22 Егер іс басына келетін болсаңдар, (немесе бет бүрсаңдар,) сендерден жер жүзінде бүзақылық істеу, жақындық байланысын үзу ғана үміт етілмей ме? (Екі жүзді мүнафықтар іс басына келсе де бет бүрса да хайыр келмейді...)


23 Олар, Алла, лағынет етіп, саңырау және көздерін соқыр қылғандар.


24 Әйтпесе олар, Құранды түсінбей ме? Немесе олардың жүректері қүлыптаулы ма?


25 Шынында өздеріне туралық айқындалғаннан кейін арттарына қайтқандардікін шайтан жақсы көрсетіп, оларға үміт берді.


26 Өйткені олар, Алланың түсіргенін жек көргендерге: "Сендерге кейбір істе бағынамыз" деді. Алла олардың сырларын біледі.


27 Періштелер, олардың беттеріне, арқаларына үрып, жандарын алғанда қалай болар еді?!


28 Бұл шынында олар Алланы ашуландыратын нәрселерге еріп, Оның раздығын жек көргендіктен Алла, олардың ғамалдарын жойды.


29 Немесе Жүректерінде дерті болғандар, Алла олардың кектерін әсте ашыққа шығармайды деп ойлады ма?


30 (Мұхаммед Ғ.С.) егер қаласақ, мүнафықтарды саған көрсетер едік те оларды бет бейнелерінен таныр едің. Әрине оларды сөз аңгарынан таныйсың. Алла істегендеріңді біледі.


31 Әлбетте сендерден жауынгерлермен сабырлыларды анықтағанымызга дейін сынаймыз. Сондай-ақ хабарларыңды да байқаймыз.


32 Шынында қарсы болып, Алланың жольгаан тосқандар әрі өздеріне туралық әшкереленгеннен кейін Пайғамбармен таласқандар, Аллаға ешбір зиян келтіре алмайды. Алла олардың гамалдарын жояды.


33 Әй иман келтіргендер! Аллаға бой үсыныңдар әрі Пайғамбарға бағыныңдар. Сондай-ақ ғамалдарыңды бүзбаңдар.


34 Расында қарсы болып, Алланың жолынан тосқандар, сосын кәпір ктйінде өлгендер, оларды Алла, әсте жарылқамайды.


35 Сондықтан босамаңдар, келісімге шақырмандар, сендер үстемсіңдер. Алла сендермен бірге. Әсте ғамалдарыңды зая қылмайды. (Бтл аяттағы иақсат, күшке ие бола түрып, келісім жасау.8-С. 61-А)


36 Дүние тіршілігі бір ойын, ермек қана. Егер иман келтіріп, сақсынсаңдар, Алла сыйлықтарыңды береді. Сендердің малдарықды сүрамайды. (17-С. 29-А.)


37 Егер сендерден оны (тұтас жүмсауларыңды) сүраса еді, онда сендерге ауыр тиіп, сараңдық қыларсыңдар да өштіктерің ортага шыгар еді.


38 Негізінде сендер сол Алла жолында мал жүмсауға шақырылудасыңдар. Алайда кейбіреулерің сараңдық қылады. Кім сараңдық қылса, өзіне гана сараңдық қылады. Өйткені Алла бай, сендер кедейсіңдер. Егер Алладан бет бүрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты ауыстырады. Сосын олар сендер сияқты болмайды.




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға