Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)
  

Сүре 26 «Шұғара»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

1 Ұғымын Алла біледі.


2 Бұл айқын Құранның аяттары.


3 (Мұхаммед Ғ.С.) олар ииан келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың.


4 Егер қаласақ, Оларға аспаннан бір мұғжиза түсірер едік те, оған бой ұсынушыларға айналар еді.


5 Оларға Рахманнан жаңа бір үгіт келсе-ақ болды, олар одан бет бұрады.


6 Олардың жасынға шығарып, мазақтаған нәрселерінің түсінігі өздеріне жалғастырылады.


7 Олар жер жүзіне қарамай ма? Онда әр түрлі көркем өсімдіктөр өсірдік.


8 Рас бұнда ғибрат бар да, олардың көбі сенуші емес.


9 (Мұхаммед Ғ.С.) Раббың тым үстем, ерекше мейірімді.


10 Сол уақытта Раббың Мұса (Ғ.С.) ға: "Залым елге бар" деп, үндеді:


11 "Перғауын еліне. Олар қорықпай ма?"


12 (Мұса Ғ.С.): "Раббым! Рас мен олардың мені жасынға шығаруынан қорқамын" деді.


13 "Көңлім тарайым, тілім жүрмейді. Сондықтан Һарүнға да пайғамбарлық бер!"


14 "Мен оларға күнәкармын. Сондықтан олардың, мені өлтіруінен қорқамын!"


15 (Алла Т.): "Әсте олай емес! Екеуің де мұғжизаларымызбен барыңдар. Расында Біз сендермен бірге әр нәрсені естиміз" деді.


16 "Дереу екеуің Перғауынға баршы: "Біз бүкіл әлемнің Раббының елшісіміз;"


17 "Израил ұрпақтарын бізбен бірге қоя бер!",- (деңдер-деді.)


18 Перғауын: "Сені бала қып асырамадық па? Өміріңнен неше жыл арамызда болмадың ба?"


19 "Ол қыларыңды қылдың. Сен нәсүкірлерденсің" деді.


20 (Мұса Ғ.С.): "Мен ол істі істеген кезде, қателескен едім" деді.


21 "Сондықтан сендерден қорқып, өздеріңнен қаштым. Ақыр Раббым, маған хикмет беріп, пайғамбарлардан қылды."


22 "Сен Израил ұрпақтарын құл қылып, маған міндетсіген игілігің осы."


23 (Перғауын): "Әлемдердің Раббы дегенің немене?",- деді.


24 (Мұса Ғ.С.): "Егер анық сенетін болсаңдар, Ол; жер-көктің әрі екі арасындағылардың Раббы" деді.


25 (Перғауын) маңайындағыларға: "Естімей отырсыңдар ма?",- деді.


26 (Мұса Ғ.С.): "Ол, сендердің де Раббыларың, бұрыңғы ата-бабаларыңның да Раббы" деді.


27 (Перғауын): "Тақ осы сендерге жіберілген Пайғамбар, мүлде жынды" деді.


28 (Мұса Ғ.С.): "Егер түсінетін болсаңдар, Ол; шығыс, батыстың және екі арасындағылардың Раббы" деді.


29 (Перғауын): "Егер менен басқаны тәңір етіп алсаң, әрине сені түрмеге саламын.",- деді.


30 (Мұса Ғ.С.): "Егер саған ашық дәлел келтірсем де ме?",- деді.


31 (Перғауын): "Ал әкел. Егер шын айтушылардан болсаң" деді.


32 Сонда ол, таяғын тастады да сол уақытта көрнеу айдаһар болды.


33 Тағы қолын шығарды. Ол, қараушыларга аппақ көрінді.


34 (Перғауын) айналасындағы бастықтарга: "Рас мынау, тым білгіш сиқыршы екен" деді.


35 "Сиқырымен жерлеріңнен шығарғысы келеді. Ал бұган не бұйырасыңдар?"


36 Олар: "Бұны да туысын да тоқтата тұрып, қалаларга жинаушыларды жібер" десті.


37 "Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін!"


38 Сонда белгілі күндегі орынга сиқыршылар жиналды.


39 Адамдарға да: "Сендер жиналдыңдар ма?",- делінді.


40 (Ел): "Егер жеңіске ие болса, әрине сиқыршыларға ереміз" (десті.)


41 Сиқыршылар келген сәтте, Перғауынға: "Егер біз жеңсек, әрине бізге сыйлық бар емес пе?",- деді.


42 (Перғауын): "Я, рас сендер онда маған жақындардан боласыңдар" деді.


43 Мұса (Ғ.С.) сиқыршыларга: "Немене тастасаңдар қане тастаңдар" деді.


44 Сонда олар арқандарымен таяқтарын тастап: "Перғауынның абыройы үшін біз жеңіске ие боламыз" десті.


45 Сонда Мұса (Ғ.С.) да таяғын тастады. Дереу ол, олардың жасанды нәрселерін жалмай бастады.


46 Сондықтан сиқыршылар сәждеге жығылды.


47 "Әлемнің Раббына иман келтірдік" десті.


48 "Мұса мен Һарұнның Раббына."


49 (Перғауын) оларға: "Мен сендерге рұхсат беруден бұрын оған иман келтірдіңдер ме? Рас ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді білесіңдер; әлбетте қол-аяқтарыңды шадырлата кесемін, тіпті бәріңді асамын" деді.


50 (Сиқыршылар): "Оқасы жоқ. Раббымызға қайтамыз" деді.


51 "Расында біз сенгендердің алды болғандығымыздан, Раббымыздың қателерімізді жарылқауын үміт етеміз."


52 Мұса (Ғ.С.) ға: "Құлдарымды түн қатырып әкет. Сөз жоқ, қуаланасыңдар" деп уахи еттік.


53 Сонда Перғауын қалаларға жинаушылар жіберді.


54 "Расында бұлар (Израил ұрпақтары) аз топ" (деді.)


55 "Сонда да олар бізді ашуландыруда."


56 "Расында біз сақ бір топпыз."


57 Сөйтіп (Перғауындықтарды) бақшаларынан, бұлақтарынан шығардық.


58 Сондай-ақ қазыналарынан, салтанатты мекендерінен де.


59 Осылайша оларға Израил ұрпақтарын мұрагер қылдық.


60 Сонда олар, Израил ұрпақтарын күн шыға қуды.


61 Екі топ бірін-бірі көрген сәтте, Мұса (Ғ.С.) ның жолдастары: "Сөз жоқ, қолға түстік" деді.


62 (Мұса Ғ.С.): "Әсте, шынында Раббым бізбен бірге. Маған жол көрсетеді" деді.


63 Мұса (Ғ.С.) ға: "Таяғыңмен теңізді ұр!",- деп уахи еттік. Сонда (теңіз) жарылып, әр бөлімі асқар таудай болды.


64 Артқыларды да сол жерге жақындаттық.


65 Мұса (Ғ.С.) ны да онымен бірге болған адамдардың барлығын құтқардық.


66 Сосын басқаларды суға батырдық


67 Әрине бұнда ғибрат бар. Сонда да олардың көбі нанбады.


68 Расында Раббың Ол, аса үстем, тым мейірімді.


69 (Мұхаммед Ғ.С.) оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның Қиссасын баян ет;


70 Сол уақытта ол әкесіне, еліне: "Неменеге табынасыңдар?",- деді.


71 Олар: "Бұттарға шоқынамыз, оларға мүлде мүлгудеміз" деді.


72 (Ыбырайым Ғ.С.): "Олар шақырғандарыңда ести ме?",- деді.


73 "Немесе олар сендерге пайда, зиян келтіре ала ма?"


74 Олар: "Жоқ, аталарымызды осылай істеген түрде таптық" деді.


75 "Ал енді неменеге табынғандарыңды көрдіңдер ме?",- деді.


76 "Сендер де бұрынғы аталарың да."


77 "Әлемдердің Раббынан басқа, олар менің дұшпаным."


78 "Ол, мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді."


79 "Ол, маған жегізеді де ішкізеді."


80 "Ол, қашан ауырсам, маған шипа береді."


81 "Ол, мені өлтіреді де сонсоң тірілтеді."


82 "Ол сондай Алла, киямет күні қателерімді жарылқауын үміт етемін."


83 "Раббым маған даналық беріп, мені игілерге қоса көр!"


84 "Мені кейінгі нәсілдердің тілінде де шынайы үлгі қыла көр!"


85 "Мені, нығметті жаннаттьің мұрагерлерінен қыл!"


86 "Әкемді жарылқа! Өйткені ол, адасушылардан." (9-С. 114-А.)


87 "Қабырдан тұратын күні мені мүңайтпа!"


88 "Ол күні, мал да балалар да пайда бермейді."


89 "Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана (пайда береді.)"


90 Тақуаларға жаннат жақындатылады.


91 Азғындарға тозақ көрсетіледі.


92 Оларға: "Табынатындарың қайда?",- делінеді.


93 "Алладан өзгелер, сендерге жәрдем ете ме? Яқи өздеріне жәрдем ете ала ма?"


94 Табынылгандар да азғындар да тозаққа етбетінен құлатылады;


95 Ібілістің әскерлері де тұтас.


96 Олар онда былай деп таласады:


97 "Аллаға серт, адасқан-ақ екенміз ғой!"


98 "Сендерді Әлемнің Раббына теңеуші едік."


99 "Бізді күнәкарлар-ақ адастырган екен."


100 "Енді біздің ешбір шапағатшымыз жоқ."


101 "Жан күйер достымыз да жоқ."


102 "Әттең! Қайтарылсақ, иман келтіргендерден болар едік."


103 Рас осы да бір ғибрат бар. Дегенмен олардың көбі иман келтірмеді.


104 (Мұхаммед Ғ.С.) расында Раббың тым үстем, аса мейірімді.


105 Нұх (Ғ.С.) тың елі де пайғамбарларды жасынға айналдырды.


106 Сол уақытта, олардың туысы Нұх (Ғ.С.): "қорықпайсыңдар ма?",- деді.


107 "Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін."


108 "Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар."


109 "Бұған Сендерден ақы сұрамаймын, менің ақым әлемдердің Раббына тән."


110 "Алладан қорқып, маған бағынындар."


111 Олар: "Саған қор кісілер ерді деп, иман келтірейік пе?",- десті.


112 (Нұх Ғ.С.): "Олардың не істегендерін білмеймін" деді.


113 "Егер сеэетін болсаңдар, олардың есебі Раббыма тән."


114 "Иман келтіргендерді қумаймын."


115 "Сондай-ақ мен ашық бір ескертушімін."


116 Олар: "Әй Нұх! Егер тыйылмасаң, әрине таспен атқыланғандардан боласың" деді.


117 "Раббым! Рас мені, елім жасынға шығарды" деді.


118 "Енді менімен олардың арасына нақ үкім бер! Мені де, мені мен бірге мүміндерді де құтқар!"


119 Сонда оны да онымен бірге болғандарды да толы кемеде құтқардық.


120 Сосың, кейін қалғандарды суға батырдық.


121 Рас бұнда анық ғибрат бар. Сонда да олардың көбі сенбейді.


122 Рас Раббың үстем де мейірімді.


123 Ғад елі де елшілерді жасынға шығарды.


124 Сол уақытта оларға туыстары Һүд (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді.


125 "Рас сендерге сенімді Елшімін."


126 "Алладан қорқып, маған бағыныңдар."


127 "Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Ақым әлемдердің Раббына тән."


128 "Әр төбеге әншейін ескерткіш құрылыс жасайсыңдар ма?"


129 "Дүниеде мәңгі қалу үмітімен мықты сарайлар жасайсыңдар ма?"


130 "Қашан ұстасаңдар, қатты зорекерлікпен ұстадыңдар!" (Аямадыңдар!" Ж.Б.М.)


131 "Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар."


132 "Сендерді білген нәрселеріңмен қамтамасыз еткен Алладан қорқыңдар."


133 "Сендерге малдар, балалар берді"


134 "Бақшалар, бұлақтар берген (Алладан қорқыңдар)."


135 "Сендерге болатын ұлы күннің азабынан қорқамын."


136 Олар: "Сен уағыздасаң да уағыздамасаң да бізге бірдей" десті.


137 "Бұл бұрынғылардың ғана салты. (Яқи, бұл айтқандарыңды бұрынғылар да айтқан.)"


138 "Біз азапқа душар болмаймыз."


139 Сонда олар оны жасынға айналдырды да оларды жоқ еттік. Расында бұнда бір өнеге бар. Дегенмен олардың көбі сенбеген еді.


140 (Мұхаммед Ғ.С.) Әрине Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді.


141 Сәмүд елі де елшілерді жасынға айналдырды.


142 Сол уақытта туыстары Салих (Ғ.С.): "Алладан қорықпайсыңдар ма?",- деді


143 "Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін."


144 "Алладан қорқып, маған бағыныңдар."


145 (Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті."


146 "Сендер осы жерде бейбіт қала аласыңдар ма?"


147 "Бақшаларда, бұлақтарда."


148 "Егіндерде, жұмсақ қауашақты құрма ағаштарында?"


149 "Сондай-ақ таулардан ойып, шеберлікпен үй жасайсыңдар ма?"


150 "Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар."


151 "Шектен шығушылардың әміріне бағынбаңдар."


152 "Олар жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік қылмайды."


153 Олар, Салих (Ғ.С.) қа: "Шынында сен жадыланғандардансың" десті.


154 "Сен біз сияқты ғана адамсың. Егер шыншыл болсаң, бір белгі әкел."


155 (Салих Ғ.С.): "Міне, белгі бір аруана. Су кезегі, бір күн оныкі де бір белгілі күн сендердікі" деді.


156 "Оған жаман ниетпен соқтықпаңдар. Онда сендерді ұлы күннің апаты қолға алады"


157 Олар, оны өлтіріп, тастады да өкініште болды.


158 Сонда оларды апат қолға алды. Расында бұнда ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді.


159 Расында Раббың тым үстем, ерекше мейірімді.


160 Лұт елі де елшілерді жасынға айналдырды.


161 Сол уақытта туыстары Лұт (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді.


162 "Мен сендерге сенімді бір Елшімін."


163 "Енді Алладан қорқыңдар да маған бой ұсыныңдар."


164 "Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті."


165 "Дүниеде (қатындар тұрып,) еркектерге қосыласыңдар ма?"


166 "Раббыларыңның сендер үшін жаратқан әйелдеріңді тастайсыңдар ма? Сендер асқынған елсіңдер."


167 Олар: "Әй Лұт! Егер тыйылмасаң, әлбетте (жұрттан) шығарыласың" десті.


168 Лұт (Ғ.С.): "Әрине мен сендердің қылықтарыңнан жиіркенемін." деді.


169 "Раббым, мені, семьямды бұлардың қылықтарынан құтқар!"


170 Сонда оны да үй-ішін де тұтас құтқардық.


171 Жоқ болатындардың ішіндегі кемпірден басқа.


172 Сосын қалғандарды да жоқ еттік.


173 Оларға жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры нендей жаман!


174 Рас бұнда бір ғибрат бар.


175 (Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың тым үстем, ерекше мейірімді.


176 Әйке елі де елшілерді жасынға айналдырды.


177 Сол уақытта оларға, Шұғайып (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді.


178 "Рас мен сендерге сенімді бір елшімін."


179 "Енді Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар."


180 "Сендерден бұған ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті."


181 "Өлшеуді толықтаңдар да кемітушілерден болмаңдар."


182 "Тура таразымен тартыңдар."


183 "Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер (кісі хақысы жемеңдер) де жер жүзінде бұзақы болып, жүрмеңдер."


184 "Сендер және бұрыңғы нәсілдерді жаратқан Алладан қорқыңдар."


185 Олар: "Сен анық жадыланғансың." деді.


186 "Сен біз құсаған ғана адамсың. Әрі сені өтірікшілерден деп, ойлаймыз."


187 "Егер шын айтушылардан болсаң, онда үстімізге аспанның бір кесегін түсір."


188 (Шұғайып Ғ.С.): "Раббым не істегендеріңді тағы жақсы біледі."


189 Сонда олар оны жасынға шығарды да оларды түнек күннің апаты қолға алды. Рас ол, ірі бір күннің апаты еді.


190 Рас бұнда бір ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді.


191 (Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді.


192 Күдіксіз бұл Құран әлбетте әлемдердің Раббының түсіргені.


193 Оны сенімді РҰХ (Жебрейіл) келтірді.


194 Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды.


195 Ап-ашық бір арап тілінде.


196 Рас ол, бұрынғылардың кітаптарында да бар еді.


197 Израил ұрпақтарының ғалымдарының бұны білулері, олар үшін бір дәлел болмай ма? (28-С. 52-55-А.)


198 Егер ол Құранды араптан басқа бір бөгдеге түсірсек те;


199 Ол, бүны оларға оқыса да олар оған және сенбес еді.


200 Осылайша Құранды күнәкарлардың жүректеріне қойдық. (Б.Р.) (Немесе күнәкарлардың жүректеріне қарсылық салдық. Ж.М.К.)


201 Күйзелтуші азапты көргенге дейін оған сенбейді.


202 Азап Оларға, олар сезбеген түрде кенеттен келеді.


203 Сонда олар: "Бізге бір мұрса берілер ме екен?",- дейді.


204 Ал сонда олар: Азабымыздың тездетілуін тілей ме?


205 (Мұхаммед Ғ.С.): Көрдің бе? Оларды жылдарша қамтамасыз етсек те,


206 Сонсоң Оларға уәде етілген апат келсе;


207 Оларды пайдаланған нәрселері қорымайды.


208 Бір кентті жоқ еткен болсақ, әлбетте олар үшін ескертуші болған;


209 Ескерту берілген. Зұлымдық қылушы емеспіз.


210 Бұл Құранды шайтандар түсірмеді.


211 Оларға лайық та емес. Шамалары да келмейді. (17-С. 88-А.)


212 Рас олар тыңдаудан мүлде ұзақтастырылған. (15-С. 17-18-А)


213 (Мұхаммед Р.С.) Алламен бірге тәңір шақырма. Онда сен де азапқа ұшыраушылардан боласың.


214 Жақын ағайындарыңа ескерт!


215 Мүміндерден саган ергендерге қанатыңды жай.


216 Сонда егер олар өзіңе қарсы шықса, онда: "Сендердің істегендеріңнен бездім" де.


217 Өте үстем, ерекше мейірімді Аллаға тәуекел ет.


218 Ол, сені тіке түрған сәтте, көріп тұрады;


219 Сәжде қылушылардың арасында айналып жүргеніңді де. Түңгі (Тәһажжүт намазына тұруыңды да басқа да тәһажжүт намазына тұргандарға айналуыңды да немесе жеке не жамағатпен тіке тұрып, рүкүғ, сәждеге көшіп, намаз оқуыңды Алла көреді. Ж.Б.М.К.Р.)


220 Рас Ол Алла, әр нәрсені естуші, білуші.


221 Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе?


222 Олар әрбір өтірікші, күнәкарға түседі.


223 Олар шайтандарға құлақ салады. Олардың көбі өтірікші.


224 Ақындарға азғындар ереді.


225 Рас олардың ойпаттарда қаңғып, жүргенін көрмедің бе?


226 Рас олар істемеген істерін айтады.


227 Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргеннен кейін кек алғандар басқа. Ол зұлымдық қылғандар, жақында қалай айналдырылатындарын біледі. (Бұл мүмін ақындар; Ғабдолла Рауаха ұлы, Хасан Сабит ұлы, Кәгап Закір ұлы, Кәғап Малік ұлы. Б.М.Р.)




  
Араб тілінде / Аударымдар: Халифа Алтай (қазақ), Әл-Мунтахаб, Кулиев, Абу-Адель (орыс)Барлық сүрелер / басқа сүрелер
Жоғарыға